8 (7172) 72-57-89
Контакты
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарка 6, 9 этаж
г.Астана

НОВОСТИ

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру шарасы өтті.

Іс-шара барысында Орталықтың комплаенс-офицері Б.Ж. Даулетбаева ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ереже, Стандарт, Саясат және Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясатының талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, 2023 жылдың 31 наурызындағы № 112 бұйрыққа сәйкес, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні айтылды.

Ұсыныстар:
1. www.nnpcfk.kz сайтындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» айдарын үнемі жаңартып отыру.
2. Сыбайлас жемқорлық көріністерін байқаған жағдайда, комплаенс-офицерге хабарлау немесе сенім телефоны мен сенім жәшігі арқылы шағым түсіру.

Бұл шара Орталық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды қатаң сақтауы үшін ұйымдастырылған.

Өскемен қаласында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі «Қазақстан оқушысы» LIV (54) велосипед жарысы өз мәресіне жетті.

Жарыс 6 кезеңнен тұрды, әр кезеңде қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті.

Жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар келесідей анықталды:

1 орын – Almaty Cycling Team

2 орын – Солтүстік Қазақстан облысы

3 орын – Шымкент қаласы

Жарыс барысында көрсетілген жоғары деңгейдегі нәтижелер қазақстандық велоспорттың болашағының жарқын екендігін айқын көрсетті.

Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназиадасын қорытындылау 2024 жылғы 16 тамызда Астана қаласы Қазмедиа орталығында салтанатты түрде өткізілді!

Биылғы Гимназиада жарыстарына қатысқан мектеп оқушылары өте жоғары дайындықпен келді.
Мектеп оқушылары өз өңірлерінің намысын қорғап жеңіске деген ерекше құлшыныстарын танытты.

Гимназиада ережесі жас спортшыларды жарыстырумен шектелмейді, оқушыларға ұмытылмас эмоциялар сыйлап, достық атмосферада біріктіруді көздейді.

Келесі Гимназиада жарыстарында тағы кездескенше!

Құрметті әріптестер, спорт ойындарын дәріптеуші ұстаздар және қазақ спортының жанкүйерлері Сіздерді спорт күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бойындағы күш-қуат пен табандылықты серік етіп, жаңа биіктерге жетуге деген ұмтылысты алға мақсат етіп қойған барлық спорт шеберлеріне, бапкерлер мен төрешілерге денсаулық, жаңа жеңістер және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.
РК, г.Астана,
Түркістан 8/2
БЦ "OLYMP PALACE" 12 этаж
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.