8 (7172) 72-57-89
Контакты
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарка 6, 9 этаж
г.Астана

НОВОСТИ

🚴‍♂️ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 12 тамызда Өскемен қаласында дәстүрлі көпкүндік «Қазақстан оқушысы» LIV (54) 🚴‍♀️ велосипед жарысы басталады. Халықаралық UCI веложарыс ережелеріне сәйкес оқушылар 25, 50, 90 шақырымдық қашықтықтарды еңсеретін болады 🚵‍♂️🚴

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз🏆

ИСПАНИЯ ҚҰРАМАСЫ 4 ДҮРКІН ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

 

Футболдан Еуропа Чемпионатының финалында Англия ұлттық құрамасын 2:1 есебімен жеңген Испания құрамасы өз тарихында төртінші мәрте Еуропа чемпиондары атанды. Осыған дейін Испания құрамасы 1964, 2008, 2012 жылдары чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.

Гарет Саутгейт баптайтын ағылшындар екі Еуропа Чемпионатының финалында жеңіліс тауып отыр. Тұманды Альбион елінің құрамасы 2020 (2021) жылы Италия құрамасынан ойын соңындағы пенальтиден ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Германия астанасында ұйымдастырылған финалдық ойынның алғашқы жартысында есеп ашылмай, 47-минутта Нико Уильямс Ламин Ямальдің пасын кәдеге жаратып есеп ашқан еді. Алайда, 74-минутта Коул Палмер Джуд Беллингемнің нәтижелі пасынан кейін есепті теңестіріп кетті. Одан кейін 87-минутта Мигель Оярсабаль жеңіс голын соғып командасын алға шығарды. Ағылшын құрамасы жанталаса қимылдағанымен бұл есепті өзгертуге шамалары жетпеді. Осылайша Испания құрамасы Еуропаның 4 дүркін үздігі атанған жалғыз құрама болды.

Чемпионаттың нәтижесі бойынша Манчестер Сити командасында ойнайтын испандық жартылай қорғаушы Родри турнирдің үздік ойыншысы атанса, 17 жасқа енді толған Ламин Ямаль турнирдің үздік жас ойыншысы болды. Ал, үздік сұрмергенге тиесілі жүлдеге Дани Ольмо ие болды.

🏆 4 маусымда Лисаков қаласында басталған Қазақстан оқушыларының XII жазғы гимназиадасы аясында спорттық туризм бойынша өткен жарыстар өз мәресіне жетті.
Биыл жарысқа еліміздің 5 облысынан 5 команда қатысты.
Жарыс шарттары бойынша командалар үш қашықтықта жарысты:«Техникалық»,«Құтқару жұмыстары»,«Кросс-жорық».
▪️Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей анықталды:
І орын-Жетісу облысы;
ІІ орын-Қостанай облысы;
III орын - Солтүстік Қазақстан облысы.

 

РК, г.Астана,
Түркістан 8/2
БЦ "OLYMP PALACE" 12 этаж
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.