Проспект Сарыарка 6
БЦ "ARMAN" 9 этаж
8 (7172) 72-57-90 Отдел кадров
8 (7172) 72-57-92 Спорт отдел
8 (7172) 72-57-93 У/М Отдел
8 (7172) 72-57-94 Повышение квалификации
nnpcfk2024@gmail.com
info@nnpcfk.kz


Өскеменде жалауын көтерген «Қазақстанның мектеп оқушысы» атты көпкүндік веложарыс мәресіне жетті. Биылғы бәсекеге еліміздің 11 өңірінен және Өзбекстаннан келген 120-ға жуық жас спортшы қатысты. Олар 7 кезең бойы жекелей және топтық сындарда бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша жекелей есепте Өзбекстан спортшысы Shoislom Shoakmalov жеңімпаз атанды. Оның жалпы уақыты – 15:03:3. Алматы қаласының өкілі Богдан Лухманов екінші орынға ие болды. Үздік үштікті астаналық Ким Климентий түйіндеді. Оның көрсеткіші — 15:05:55. Командалық есепте Өзбекстан құрамасы бірінші орын алды. Солтүстік Қазақстан облысының командасы күміс жүлдеге ие болса, Астана қаласының құрамасы үшінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ, «Тау шабандозы» аталымында өзбекстандық Ergashev Fazliddin жеңімпаз атанса, Конкин Олег «Белсенді шабандозы» номинациясын иеленді.
Жарыс жеңімпаздарына «Adancom» компаниясының қолдауымен ноутбук сыйға берілді. Сондай-ақ, марапат мінберіне шыққан спортшыларға диплом, кубок пен медаль табысталды.
Байрақты бәсеке ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бастамасымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің және Қазақстан велосипед спорты федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Жарыстың негізгі мақсаты – оқушылар арасында велоспортты дамыту, жас спортшылардың шеберлігін шыңдау және болашақ чемпиондарды анықтау.

Өскеменде жалауын көтерген «Қазақстанның мектеп оқушысы» атты көпкүндік веложарыс жалғасып жатыр. Дәстүрлі дода Өзбекстан құрамасы да бақ сынауда. Бүгінге дейін спортшылар 4 кезеңді артқа тастады. Олар топтық жарыста 90 және 94 шақырымды бағындырды.
Әзірге Өзбекстан спортшысы Shoislom Shoakmalov көш бастап тұр. Оның жалпы нәтижесі — 10 сағат 07 минут 36 секунд. Екінші орынды Алматы қаласының спортшысы Богдан Лухманов. Ол көшбасшыдан небәрі 12 секундқа қалып келеді. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысының өкілі Елназ Қалымбеков түйіндеді. Оның нәтижесі – 10:07:53.
Командалық есепте Өзбекстан Республикасы топ бастады. Солтүстік Қазақстан облысының командасы екінші орында. Үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысы иеленді.
Бүгін жарыстың 5-ші кезеңі өтіп жатыр. Еске сала кетсек, биылғы жарысқа еліміздің 11 өңірінен келген 120-ға жуық спортшы қатысып жатыр. Сайыста 2008–2009 жылдары туған және одан кіші жастағы жасөспірімдер бақ сынайды. Көпкүндік жарыс 7 кезеңнен тұрады. Бағдарламаға жекелей және топтық жарыстар енгізілген.
Байрақты бәсеке ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бастамасымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің және «Қазақстан велосипед спорты федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.

