8 (7172) 72-57-89
Контакты
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарка 6, 9 этаж
г.Астана

НОВОСТИ

Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады
Ғани Бейсембаев:
еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді:
– былтыр 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылған. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен;
– тәрбие жұмыстары басым бағыттардың бірі болып қала береді. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» жалпыұлттық құндылықтарына негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынған;
орта білім сапасын арттыру туралы айтты:
– мектеп оқулықтары толықтай цифрлық форматқа көшірілген;
– Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған;
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобаларды таныстырды.
Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 2024 жылғы 13 қыркүйекте Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік ұлттық спорт ойындарын насихаттаушы өкілдермен кездесу өткізілді.
 
Этноауылда өткен бұл басқосуға Рауф Өзген - Түркия, Мангала федерациясының президенті, Жанаргул Фенибеши - Мажар-Қазақ мәдени ұйымының басшысы, Жаннат Нурбаева - Испания қазақ ауылының басшысы, Хана Котинова - Чехия, Мангала федерациясының төрайымы, Белгин Найм - Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті;
 
Орталықтың Дене шынықтыру саласындағы мамандардың, педагогтердің біліктілігін арттыру зертханасы жетекшісінің м.а. Б. Шилибаев, ғылыми-зерттеу зертханасы жетекшісінің м.а. Ф. Билибаева, тренер-лекторлар - М. Шотай, Д. Мұратқызы, аға әдіскерлер А. Мираманов, А. Бисимбаева қатысты.
 
Қонақтарға ұлттық интеллектуалдық ойындар – Асық ату, Асық шерту, Бестемше және Бескеней ойындарын ойнау үлгісі көрсетілді. Қатысушылар қазақ халқының бай мәдени мұрасын көрсететін бұл дәстүрлі ойындардың ережелері мен тарихын қызығушылықпен тыңдап, ойынға араласып белсенділіктерін танытты.
 
Ептілік пен стратегиялық ойлауды қажет ететін авторлық интеллектуалдық ойындар қонақтардың назарын аударды.
 
Қонақтар ойындарға үлкен қызығушылық танытып, олардың ережелері мен орындалу техникасы туралы сұрақтар қойды. Пікір алмасу нәтижесінде дәстүрлі ойындарды кеңінен насихаттауға және елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және одан әрі ынтымақтастық орнату жоспарлары белгіленді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 11 қыркүйекте Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек спорт кешенінде өткен Алыш күресінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының м.а. А. Ташметов жүлдені табыс етті.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары халықтардың мәдени мұрасы мен дәстүрін қайта жаңғыртып, халықтар арасындағы достықты нығайта түсті.

Елордада ұйымдастырылып отырған осы ауқымды шараға Орталықтан шынықтыру саласындағы мамандар, педагогтердің біліктілігін арттыру зертханасының жетекшісінің м.а. Б. Шилібаев пен аға әдіскер Ә. Мираманов қатысып, дәстүрлі асық ойынының қазіргі заманға сай жаңартылған нұсқасын таныстырды.
Асық ойыны – қазақ халқының мәдени мұраларының бірі, және оның жаңа форматта қайта ұсынылуы бүгінгі ұрпаққа оны үйретіп, сақтау мақсатында маңызды қадам болып табылады. Ойынның жаңартылған нұсқасы шетелдік қонақтар мен спорт жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырып, үлкен ықыласпен қабылданды.
Түрік елінен келген қонақтар бұл ойынға ерекше қызығушылық білдіріп, асық ойынының ережелері мен оның тарихы туралы толығырақ білуге тырысты. Қазақтың ұлттық ойындарына деген осындай шынайы қызығушылық екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға септігін тигізері сөзсіз.
РК, г.Астана,
Түркістан 8/2
БЦ "OLYMP PALACE" 12 этаж
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.