8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

2026 жылғы 10 наурызда ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша Орталық комлаенс-офицері Б.Ж. Даулетбаева сөз алып, ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ереже, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Стандарт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Саясат, Корпоративтік әдеп және мінез-құлық кодексін таныстырып, қызметкерлердің аталған Ережелер талаптарын қатаң сақтауы туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, Орталық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, мүдделер қақтығысы көріністерінің алдын алуды анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігін, осыған орай, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ережелер талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді. Құжат балалық шақ мәселелеріне бірыңғай көзқарас қалыптастырып, қолданыстағы шаралар мен бағдарламаларды тұтас жүйеге біріктіреді.

«Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – әрбір баланың білім алу, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғалу және отбасында тәрбиелену құқықтарын қамтамасыз ететін жүйелі әрі үйлестірілген тәсілді қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін құжат балалардың қауіпсіздігін күшейтуге, психологиялық және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді нығайтуға бағытталған. Қазақстан балалардың құқықтарын қорғауға арналған мақсатты ұлттық стратегиясы бар санаулы мемлекеттердің бірі», - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бүгінде елімізде 6 902 492 бала тұрады, бұл халық санының үштен бірін құрайды. Соңғы 10 жылда балалар саны шамамен 1,5 миллионға артты. Бұл инфрақұрылым мен қолдау жүйесін одан әрі нығайтуды талап етеді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік принципін енгізуге бағытталған 10 заң қабылданды. 2025 жылы заңнамаға балалардың құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті бекітетін қосымша өзгерістер енгізілді. 237 мыңнан астам бала психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдаумен қамтылған, оның ішінде шамамен 17 мың бала үйде білім алады. Білім беру ұйымдарында 3,8 мың педагог-ассистент және 10 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс істейді.

Балалардың тамақтануы мен санитариялық қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты енгізіліп, өнім сапасы мен санитариялық талаптардың сақталуына бақылау күшейтілді. Мектепке дейінгі білім беру саласында «Ақша балаға беріледі» қағидаты бойынша ваучерлік қаржыландыру енгізілді. Бұл тетік кезекті екі есеге қысқартуға және 21 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Елімізде 11 900 балабақша жұмыс істейді, онда шамамен 1 миллион бала тәрбиеленуде, ал мектепке дейінгі сыныптарда 163 мыңнан астам бала білім алуда.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру балалар саясатын жүйелі дамытуға және әрбір бала үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған.

2026 жыл Мемлекет басшысының бастамасымен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Осы стратегиялық бағыт аясында Орталықта барлық негізгі үдерістерді қамтитын және ҰҒПДТО қызметін бірыңғай цифрлық форматқа көшіруге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі уақытта екі негізгі бағытты қамтитын арнайы цифрлық платформа әзірленіп жатыр.

Бірінші бағыт — педагогтердің біліктілігін арттыру курстары. Платформа педагогтерді толық қамтып, олардың цифрлық профилін қалыптастыруға, біліктілік деңгейін, оқыту сапасын бағалауға және кәсіби дамудың ашық әрі тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Екінші бағыт — спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. 2026 жылға жоспарланған 115 спорттық жарыс аясында қатысушыларды тіркеуден бастап, әр жарыстың төрт кезеңін өткізуге дейінгі барлық процесс толықтай цифрландырылатын болады.

Жүйе барлық қатысушы үшін ашықтықты, қолжетімділікті және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Әрбір спортшы мен педагог жарыстардың өту барысы, нәтижелері және қорытынды көрсеткіштері туралы ақпаратты онлайн форматта еркін ала алады.

Цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект құралдарын енгізу басқару тиімділігін арттырып, үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етуге және елдегі мектеп спортының сапалы дамуына серпін береді.

ҚР, Астана қ.,
Сарыарқа данғылы, 6
БО "АРМАН" 9 қабат
8 (7172) 72-57-90 Кадр бөлімі
8 (7172) 72-57-92 Спорт бөлімі
8 (7172) 72-57-93 О/Ә бөлімі
8 (7172) 72-57-94 Біліктілікті арттыру
nnpcfk2024@gmail.com
info@nnpcfk.kz
© Design by 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар