8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

 ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ – ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТАРБИЕСЫ ОРТАЛЫҒЫ» РМҚК


№175 бұйрыққа сәйкес педагогтерге, әдіскерлерге, нұсқаушыларға, тәрбиешілерге және дене шынықтыру саласының мамандарына арналған онлайн-біліктілікті арттыру курстарына қабылдау жариялайды!
? Неліктен бұл дәл қазір маңызды?

Білім беру саласындағы қазіргі жағдайлар оқушылармен жүргізілетін сауықтыру-тәрбие жұмыстарын жаңаша ұйымдастыруды талап етеді
Онлайн-курстарымыз кәсіби қауымдастықтың өзекті қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген және балалар мен жастармен жұмыс істеуде озық тәжірибелерді тиімді енгізуге мүмкіндік беретін инновациялық технологияларға негізделген.

? Кімдерге арналған?
– Дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне
– Білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне
– Сауықтыру және тәрбие жұмыстарының мамандарына
– Дене шынықтыру нұсқаушыларына
– Кәсіби дамуға ұмтылатын барлық мамандарға

✅ Сізді күтіп тұр:
✔ Мазмұнды және практикалық материал
✔ Қашықтан оқу – өзіңізге ыңғайлы уақытта
✔ Тәжірибелі оқытушылар мен сарапшылардың қолдауы
✔ №95 бұйрыққа сәйкес ресми сертификат
✔ «USTAZ» платформасында 100% тіркеу
✔ Аттестация үшін баллдар
✔ 80 / 36 академиялық сағат
✔ Уақыт пен бюджет үнемі
? Курс бағасы:
80 акад. сағат – 25 016 теңге
36 акад. сағат – 11 529 теңге
? Тіркелу ашық!
Тіркеу сілтемесі бойынша жүзеге асырылады:

https://docs.google.com/spreadsheets/d/1HQVGnrW27hHiVVyOngEtMKWP6AXjZZwVI1GDtJKUnXc/edit?usp=sharing

Сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
? +7 717 272 57 94;
? +7 771 365 27 28;
? +7 777 553 74 96;

 

Хоккей енді балаларға бұрынғыдан да жақын. Қазақстан хоккей федерациясы (ҚХФ) мен ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы (ҰҒПДТО) спорт пен дене шынықтыруды қолжетімді ету, мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты дамыту және балаларды салауатты өмір салтына тарту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім аясында еліміздің әр өңіріндегі мектептерге хоккейге арналған арнайы құрал-жабдықтар, сырғанап үйренуге көмектесетін тірек-қондырғылар, сондай-ақ 600 жиынтық қорғаныш киім, шлем мен коньки беріледі. Алғашқы жиынтықтар Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және  Қостанай облыстарынан келген дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне табысталды. Жалпы, 50 мектепті қамту көзделіп отыр.

Жоба аясында Salem Hockey бағдарламасы іске қосылады. Бұл — балаларға хоккей спортын таныстырып, қызығушылықтарын оятуға бағытталған бастама. Бағдарлама шеңберінде ашық сабақтар, демалыс күнгі хоккей, экскурсиялар, шеберлік сабақтары мен фестивальдер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, хоккейдің ерекшеліктері, құрал-жабдықтары мен ережелері туралы кеңінен ақпарат беретін арнайы сайт іске қосылды.

Жоба тек инвентарьмен шектелмейді. JAS NOMAD бағдарламасы арқылы дене шынықтыру пәні мұғалімдері хоккейдің негіздерін үйретуге арналған семинарлардан өтіп, әдістемелік қолдау алады.

Келісімге Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Сәкен Мұсайбеков пен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Арман Ташметов қол қойды. Іс-шараға Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев және оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан де қатысты.

Жобаның басты мақсаты – балаларға хоккейді жақындату, мектеп қабырғасынан бастап спортқа қызығушылығын ояту. Сабақ үстінде алғаш рет таяқ ұстап көрген оқушы ертең кәсіби спорт жолын таңдауы әбден мүмкін.

2025 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында Орталықтың комплаенс-офицері Б.Ж. Дәулетбаева қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ішкі құжаттарды қолдану кезінде назар аударылуы тиіс маңызды мәселелерді түсіндірді. Ол құқықтық актіде немесе ішкі құжатта қандай да бір мәселені нақты құқықтық реттеудің болмауы — сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін екенін атап өтті. Атап айтқанда: лауазымды тұлғаның құзыретін нақтылайтын ережелердің болмауы, әкімшілік рәсімдерді реттейтін процестік тәртіптің белгіленбеуі, талаптардың орындалмауына қатысты жауапкершілік ережелерінің жоқтығы — бұл өкілеттіктерді өз қалауынша пайдалануға жол ашып, жемқорлықтың алғышартын тудыруы мүмкін.

Сондай-ақ Персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Д.И. Кенжегаринова құқықтық актілер мен ішкі құжаттар арасындағы қайшылықтар туралы айтып, егер ондай жағдайлар орын алса, оны уақтылы басшылыққа хабарлап, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу қажеттігін түсіндірді.

CЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ

 

        ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2025 жылғы 30 маусымда   сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтетіндігін хабарлайды.

        Талқылау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

        1) құрылымдық бөлімдер қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

        2) ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

        Осыған байланысты, тілек білдірушілер осы талқылауға 2025 жылғы 30 маусымда сағат 09:00-де Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 6 үй, кеңсе 9 қабат мекенжайы бойынша қатыса алады.

 

ҚР, Астана қ.,
Сарыарқа данғылы, 6
БО "АРМАН" 9 қабат
8 (7172) 72-57-90 Кадр бөлімі
8 (7172) 72-57-92 Спорт бөлімі
8 (7172) 72-57-93 О/Ә бөлімі
8 (7172) 72-57-94 Біліктілікті арттыру
nnpcfk2024@gmail.com
info@nnpcfk.kz
© Design by 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар