8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Батыс Қазақстан облысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өз мәресіне жетті. Мемлекеттік тапсырыс аясында өткен бағдарламаға 50 педагог қатысты.

Негізгі модульдерден бөлек, тыңдаушылар үшін ерекше мүмкіндік қарастырылды. Орталық пен Қазақстан бадминтон федерациясының ынтымақтастығы аясында оқу бағдарламасына вариативті модуль енгізілді. Аталған модульді федерацияның тәжірибелі жаттықтырушылары өткізіп, теориялық білімдерімен қатар заманауи оқыту әдістерімен бөлісті.

Мұғалімдер ойын ережелерін, әдістемелік ұсынымдарды меңгеріп, практикалық дайындықтан өтті. Нәтижесінде олар негізгі біліктілікті арттыру сертификатымен бірге бадминтон бойынша жаттықтырушы сертификатын да иеленді.

Осылайша, курстар қатысушыларға қосарлы пайда әкелді: біліктілігін арттырудың ресми құжаты мен спорт федерациясының қосымша сертификаты. Бұл педагогтердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтіп, мектеп спортының дамуына жаңа серпін бермек.

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы дене шынықтыру саласында еңбек ететін педагогтер, әдіскерлер, нұсқаушылар, тәрбиешілер мен мамандарға арналған республикалық онлайн курстарға қабылдау жүргізілетінін хабарлайды. Оқыту ҚР Оқу-ағарту министрінің №175 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Бүгін, 22 қыркүйек күні, Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Жетісу және Абай облыстарында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталды. Оқытуға барлығы 300 педагог қатысуда.

Курс бағдарламасы 7 модульден тұрады. Әр модуль «Дене шынықтыру» пәні бойынша теориялық білімді тереңдетуге және практикалық дағдыларды жетілдіруге бағытталған.

Курстарды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруда.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс екенін атап өтті. Осы тапсырманы орындау мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы «AI SPORT» ЖШС-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық балалар, жасөспірімдер мен студенттер арасында бұқаралық спортты дамытуға цифрлық технологияларды және жасанды интеллект элементтерін енгізуге бағытталған.

Құжатқа Орталықтың бас директоры Арман Ташметов пен «AI SPORT» директоры Ғабит Салтыбаев қол қойды. Меморандум аясында тараптар мынадай міндеттерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр:

  • мектеп және студенттік спортты онлайн және офлайн челлендждер, турнирлер мен марафондар арқылы дамыту;
  • статистиканы есепке алу, хаттамалар жүргізу, рейтинг қалыптастыру үшін цифрлық шешімдерді енгізу;
  • оқушылардың жетістіктерін бақылауда AI-талдау құралдарын пайдалану;
  • жаттығу бағдарламаларына білім беру элементтерін енгізу (спорт+қазақ тілі, спорт+ағылшын тілі, спорт+математика);
  • арнайы отбасылық челлендждер арқылы ата-аналар мен отбасыларды спорттық белсенділікке тарту;
  • мектеп лигалары мен спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды автоматтандыру – командаларды тіркеуден бастап жеребе тартуға дейін.

Оқушылар мен студенттер жаттығуларға қатысу, челлендждер мен турнирлерге қосылу үшін цифрлық платформа мен мобильді қосымшаға қол жеткізе алады. Бұл спортты балалар мен жастар үшін қолжетімді, ашық әрі қызықты ете түседі.

ҚР, Астана қ.,
Сарыарқа данғылы, 6
БО "АРМАН" 9 қабат
8 (7172) 72-57-90 Кадр бөлімі
8 (7172) 72-57-92 Спорт бөлімі
8 (7172) 72-57-93 О/Ә бөлімі
8 (7172) 72-57-94 Біліктілікті арттыру
nnpcfk2024@gmail.com
info@nnpcfk.kz
© Design by 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар