ЖАҢАЛЫҚ

 

Өскеменде жалауын көтерген «Қазақстанның мектеп оқушысы» атты көпкүндік веложарыс жалғасып жатыр. Дәстүрлі дода Өзбекстан құрамасы да бақ сынауда. Бүгінге дейін спортшылар 4 кезеңді артқа тастады. Олар топтық жарыста 90 және 94 шақырымды бағындырды.
Әзірге Өзбекстан спортшысы Shoislom Shoakmalov көш бастап тұр. Оның жалпы нәтижесі — 10 сағат 07 минут 36 секунд. Екінші орынды Алматы қаласының спортшысы Богдан Лухманов. Ол көшбасшыдан небәрі 12 секундқа қалып келеді. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысының өкілі Елназ Қалымбеков түйіндеді. Оның нәтижесі – 10:07:53.
Командалық есепте Өзбекстан Республикасы топ бастады. Солтүстік Қазақстан облысының командасы екінші орында. Үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысы иеленді.
Бүгін жарыстың 5-ші кезеңі өтіп жатыр. Еске сала кетсек, биылғы жарысқа еліміздің 11 өңірінен келген 120-ға жуық спортшы қатысып жатыр. Сайыста 2008–2009 жылдары туған және одан кіші жастағы жасөспірімдер бақ сынайды. Көпкүндік жарыс 7 кезеңнен тұрады. Бағдарламаға жекелей және топтық жарыстар енгізілген.
Байрақты бәсеке ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бастамасымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің және «Қазақстан велосипед спорты федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.

 

  • Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 17 тамызында Қызылорда облысында басталатын курсқа орта білім беру ұйымдарының 50 дене шынықтыру педагогі қатысады.

 

  • Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 17 тамызында Маңғыстау облысында басталатын курсқа орта білім беру ұйымдарының 50 дене шынықтыру педагогі қатысады.
ҚР, Астана қ.,
Сарыарқа данғылы, 6
БО "АРМАН" 9 қабат
8 (7172) 72-57-90 Кадр бөлімі
8 (7172) 72-57-92 Спорт бөлімі
8 (7172) 72-57-93 О/Ә бөлімі
8 (7172) 72-57-94 Біліктілікті арттыру
nnpcfk2024@gmail.com
info@nnpcfk.kz
© 2015 Your Company. All Rights Reserved. Designed By JoomShaper
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар