8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Қазақстанда алғаш рет біліктілігін арттыру курстарынан өткен дене шынықтыру мұғалімдері тек мемлекеттік үлгідегі куәлікпен ғана емес, сонымен қатар еліміздің жетекші спорт ұйымдары — Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы мен «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығынан жаттықтырушы санаты берілген сертификаттарға ие болды. Бұл құжаттар педагогтарға жаңа мүмкіндіктер ашып, кәсіби өсуіне жол береді.

Курстарды ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» ұйымдастырды. «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы (80 академиялық сағат) бағдарлама 2025 жылғы 25 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында онлайн-форматта өтті. Оған жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 22 педагог қатысты.

Орталықтың білім беру бағдарламалары Оқу-ағарту министрлігінің бекітуімен ресми білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген (ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 4 мамырдағы №175 бұйрығы).

Курс барысында тыңдаушылар нормативтік-құқықтық негіздерді, психологиялық-педагогикалық тәсілдерді, дене шынықтыруды оқытудың заманауи әдістемелерін, денсаулықты сақтау технологияларын, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеудің жолдарын меңгерді. Сондай-ақ мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы мен IT-құзыреттілігін дамытуға көңіл бөлінді.

Оқыту қорытындысы бойынша барлық қатысушы қорытынды сынақтан сәтті өтіп, үш түрлі сертификат алды: Ұлттық дене шынықтыру орталығының, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының және Қазақстан футбол федерациясының сертификаттары.

«Бұл — мектеп спортының дамуына тың серпін беретін және дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін мойындаудың айқын дәлелі. Енді педагогтар тек мұғалімдік құзыретпен ғана емес, спорттық федерациялар ресми растаған жаттықтырушы санатымен де жұмыс істей алады», — деді ұйымдастырушылар.

Жоба дене шынықтыру пәнін оқыту сапасын арттыруға, мұғалімдердің әдістемелік мүмкіндіктерін кеңейтуге және білім беру жүйесі мен кәсіби спорт арасындағы байланысты нығайтуға бағытталға

 

Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Арман Ташметов пен «ALZHAN» қоғамдық қорының директоры Марат Шакиров өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Құжат елдегі мектеп баскетболын дамытуға бағытталған бірлескен жұмысты көздейді.

«ALZHAN» қоры бірнеше жылдан бері баскетбол саласында әлеуметтік маңызы бар жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді. Оның негізгі бағыттарының бірі – 5–8 сынып ұл-қыздары арасында өтетін «Alzhan League» мектептік баскетбол лигасын ұйымдастыру.

Сонымен қатар, қор баскетболдан әлемдік және құрлықтық чемпионаттар мен Дүниежүзілік гимназиада сияқты халықаралық жарыстарға қатысатын құрама командаларды жасақтау бойынша оператор мәртебесіне ие болды.

Тараптардың пікірінше, қол қойылған меморандум мектеп оқушылары арасында спортты кеңінен дәріптеуге, жас спортшыларға жаңа мүмкіндіктер ашуға және қазақстандық баскетболдың халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға жол ашады.

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық мектептерде тұрақты дене шынықтыру жаттығулары өткізіле бастады. Жобаның мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс тапшылығының алдын алу және салауатты өмір салтына бейім тұрақты әдет қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өтті

2025 жылғы 22 тамызда Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №285 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдары негізінде әзірленген Орталықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары түсіндірілді.

Қызметкерлерге өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде кез келген сыйлықтарды, іссапарларға шақыруларды, қонақжайлылықты қабылдау пара ретінде бағалануы мүмкін екені және мұндай жағдайлардан аулақ болу қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ мүдделер қақтығысының типтік жағдайлары мен оларды болдырмау жолдары кеңінен талқыланды.

Семинар соңында барлық құрылымдық бөлімдерге таратпа материалдар ұсынылды.

 

ҚР, Астана қ.,
Сарыарқа данғылы, 6
БО "АРМАН" 9 қабат
8 (7172) 72-57-90 Кадр бөлімі
8 (7172) 72-57-92 Спорт бөлімі
8 (7172) 72-57-93 О/Ә бөлімі
8 (7172) 72-57-94 Біліктілікті арттыру
nnpcfk2024@gmail.com
info@nnpcfk.kz
© Design by 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар