Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК
«Тоғызқұмалақ» Дүниежүзілік федерациясы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы сіздерді техникалық және кәсіптік, орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының барлық педагогтеріне арналған «Конституция құндылықтары аясындағы заманауи білім беру: дәстүр мен инновациялар» тақырыбындағы ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады!
Іс-шара барысында педагогтер арасында «Тоғызқұмалақ» пен «Бестемше» зияткерлік ойындарынан республикалық жарыстар өтетінін хабарлайды.
Конференцияның өту уақыты мен орны: 2026 жылғы 5–6 мамыр, Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы.
Конференцияға қатысушылар: мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары.
Спикерлердің географиясы: Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстанның жетекші ғалымдары.
Конференция жұмысының бағыттары:
1-бағыт. Заманауи білім берудегі педагогикалық идеялар мен инновациялар;
2-бағыт. Жасанды интеллект дәуіріндегі ұлттық зияткерлік және спорттық ойындардың басым бағыттары мен алдағы міндеттері;
3-бағыт. Ұлттық мәдени құндылықтарымыз арқылы зияткерлік әлеуетті қалыптастыру және халықаралық тәжірибемен ұштастыру.
Конференция аяқталғаннан кейін материалдардың электрондық жинағы шығарылады және қатысушылардың мақалалары жарияланады. Барлық қатысушыларға бекітілген үлгідегі сертификаттар беріледі.
Өтінімдерді қабылдау және Конференцияға қатысушылардың тіркелуі 2026 жылғы 26 сәуірге дейін https://docs.google.com/spreadsheets/d/193mdrH62yPBz_QMonLXX2ctihioQ51h4sHno-MFNEKg/edit?usp=sharing, дискі сілтемесі арқылы тіркелу және мақалалар мен баяндамаларды Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жолдау қажет.
Сонымен қатар, Конференцияға қатысу және мақаланы жариялау сұрақтары бойынша ұйымдастыру комитетіне 87712567581, 87077545663, 87024053516 телефондары арқылы хабарласу арқылы жүзеге асырылады.
Іссапар шығындары жіберуші тараптан жүзеге асырылады.
Конференция аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы ақпарат
- Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Конституция құндылықтары аясындағы заманауи білім беру: дәстүр мен инновациялар» (2026 жылғы 5–6 мамыр);
- Дене шынықтыру саласындағы жетекші мамандардың шеберлік сағаттары (2026 жылғы 5 мамыр);
- «Бестемше» және «Тоғызқұмалақ» ойындары бойынша республикалық жарыстар (2026 жылғы 5–6 мамыр).
- Ұлттық ойындардың республикалық көрмесі.
Конференцияға қатысушылардың материалдарын жариялау
Конференция қатысушыларының материалдары мен мақала (көлемі
3 бетке дейін). Конференцияның материалдар жинағына (электронды түрде) жарияланады. Мақаланы жариялағаны үшін жарнаны төлеу Орталық шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы жүзеге асырылады (деректемелер 1-қосымшада ұсынылған).
Мақалаларды қабылдау: 2026 жылғы 15 мамырға дейін.