8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы білім беру және спорт саласында қызмет етіп жүрген барша педагогтерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды.
 
Әр шәкіртке білім әлемінің есігін ашып, қабілеттерін дамытуға ықпал етіп, тек өз пәндеріңізді ғана емес, өмірлік құндылықтарды да үйретіп, мінез қалыптастырып, тұлғаны дамытудағы еңбектеріңіз бен шабыттарыңыз нәтижелі жарқын сәттерге толы болсын!
 
Сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт және қызметтегі абыройлы міндеттеріңізге жаңа жетістіктер тілейміз!
 
Игі тілекпен, ҰҒПДТО ұжымы

2024 жылғы 3 қазанда Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры А. Ташметов Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Тен Алина Владимировнамен кездесу өткізді.
 
Кездесу барысында Тараптар ынтымақтастықтың маңызды бағыттары аясында байланысты нығайтып, спорттық бастамаларды дамытатын меморандум жасасу мүмкіндіктерін талқылады.

2024 жылғы 3 қазанда Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры А. Ташметов Қазақстан Голбол федерациясының бас хатшысы Шпехт Андрей Валерьевичпен кездесу өткізді.
 
Кездесу барысында Тараптар ынтымақтастықтың маңызды бағыттары мен жобалары аясында ерекше қажеттіліктері бар білім алушылардың арасында голбол спортын ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

2024 жылғы 3 қазанда Ташметов Арман Бақытжанович Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры қызметіне тағайындалды.
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры – Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы ҰҒПДТО бас директорын тағайындау туралы Министрдің бұйрығымен таныстырып, орта білім беру ұйымдарында дене шынықтыру пәнін жаңғыртудың, дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттырудың, оқушылардың бойында дене шынықтырумен тұрақты шұғылдануды қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
 
Денсаулық пен физикалық белсенділік басымдыққа айналған кезеңде Дене шынықтыру сабағын тартымды әрі тиімді ету және оқу процесіне заманауи әдістердің енгізілуі мен инновациялық тәсілдердің қолданылуы басты рөл атқаратынын айтты.
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар