8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 24 қыркүйекте Щучинск қаласы «Bai-Bura» курорттық аймағының базасында 5-11 сынып окушылары арасында спорттык бағдарлау бойынша республикалық турнир (ұлдар,қыздар) басталды.

Мандаттық комиссияның ұйғаруымен жарысқа еліміздің 6 өңірінен 82 оқушы қатысуда.
1) Алматы қаласы - 16 оқушы;
2) Ақмола облысы - 12 оқушы;
3) Солтүстік Қазақстан облысы - 9 оқушы;
4) Маңғыстау облысы - 13 оқушы;
5) Атырау облысы - 16 оқушы;
6) Батыс Қазақстан облысы - 16 оқушы.

4 күн ішінде көркем табиғат аясында өткізілетін спорттық бағдарлау сайысында өңірлерден келген батыл әрі қайсар мінезді оқушылар сайыстың 4 түрі: 1) орта қашықтықа, 2) ұзақ қашықтықа, 3) эстафета
4) спринт бойынша өздерінің физикалық дайындықтары мен шеберліктерінен сынға түседі.

Спорттық бағдарлау сайысында бірінші болу ғана емес, барлық тапсырмалардың дұрыс орындалуы маңызды.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 23 қыркүйекте Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстарында басталған курсқа орта білім беру ұйымдарының 496 дене шынықтыру педагогі қатысуда.

Курс бағдарламасы 7 модульден тұрады. Олардың әрқайсысы дене шынықтыру пәні бойынша білімді тереңдетуге және практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

Орталықтың білікті тренер-лекторлары тыңдаушыларға
-оқытудың заманауи әдістері: оқытудың инновациялық тәсілдерін зерттеу;
-спорт психологиясы: оқушыларды ынталандыру және сабақта жағымды ахуал туғызу;
-қозғалыс белсенділігін талдау: заманауи құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың дене дайындығын бағалау;
-инклюзивті білім беру: ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту тәсілдері;
-денсаулық сақтау технологиялары: оқушылардың денсаулығын жақсартуға арналған тәжірибелерді жүзеге асыру;
-ІТ құзыреттілік: сабақтардың тиімділігін арттыру үшін қосымшалар мен платформаларды пайдалану тақырыптары аясында педагогтердің кәсіби шыңдалуына арналған теориялық/практикалық білімдерімен бөлісетін болады.

19 қыркүйекте Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының базасында бас директордың м. а. А. Ташметов спорттық медицина саласындағы спорт дәрігері, PhD доктор, медицина және хирургия магистрі, бейімдеу және профилактикалық дене шынықтыру магистрі, Назарбаев Университетінің спорттық медицина және оңалту бағдарламасының жетекшісі –Е. Рахмaновпен кездесу өткізді. Бұл кездесу дене шынықтыру және спорттық медицина саласындағы екі ұйым арасындағы ғылыми байланыстарды дамытуға арналды.

18 қыркүйекте Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының м.а. А. Ташметов Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының вице-президенті А. Батыровпен кездесті.
 
Кездесу барысында білім алушылар бойында тәртіп, сыйластық, ұжымшылдық секілді қасиеттерді қалыптастыра отырып, бұқаралық спортты дамытуға және насихаттауға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар