8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Назарбаев Университетінің Медицина мектебімен бірлесе офлайн форматта 2024 жылғы 12-13 желтоқсанда «Білім беру ұйымдарында дене тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздерін трансформациялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Өтетін орны: Астана қ., Назарбаев Университетінің Медицина мектебі, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 5/1.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 705 418 0548; e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

Толық ақпаратты конференцияға арналған сайттан қарауға болады

 

Картадан қарау

 

«Тең мүмкіндіктер» фестивалі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін алғашқы республикалық инклюзивті жарыс!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры мен «AMANAT» партиясының қолдауымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткізілуде.

? Фестиваль аясында Бочча, «Көңілді старттар» және «Жеңіл атлетика» секілді спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылуда.

?️ Іріктеу турлары Қазақстанның 17 өңірінде өтті, 1754 бала қатысып, республикалық кезеңге 16 облыс, 189 оқушы жолдама алды!

? Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Уразова Арай Асылбекқызы сөз сөйледі.

Біздің балаларымыздың мүмкіндіктерін бірге кеңейтіп, спортқа деген сүйіспеншілігін арттырайық!

Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы «Ұлттық зияткерлік ойындар» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

 Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің конференц-залында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушылары үздік тәжірибелерін ортаға салды.

Қазақтың ұлттық ойындары адамдарды біріктіреді, стратегиялық ойлауды дамытады.

? 2024 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өткізілген «Ұлттық зияткерлік ойындар» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы «Бестемше» ұлттық ойынының жарысына ұласты.

Еліміздің барлық өңірінен келген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларының шеберліктері жарыс көркін қыздыра түсті.

Жарысқа жалпы 297 адам қатысты.

? Жарыс нәтижесінде:
Ұлдар арасында
?орын — Тайжибек Сүйеу - Қарағанды облысы
?орын — Сагындыков Медет - Ақмола облысы
?орын — Касенов Асхат- Астана қаласы
?орын — Қуандықов Ерлан - Астана қаласы
?орын — Уажанов Мұрат- Астана қаласы

Қыздар арасында:
?орын — Қызырова Зере - Алматы қаласы
?орын — Аскарова Назгуль - Көкшетау қаласы
?орын — Оспанова Айсұлу- Көкшетау қаласы
?орын — Кожанова Мейргүл - Абай облысы
?орын — Палашова Жамила- Шымкент қаласы
?орын — Ошақбаева Жанна - Астана қаласы

⚜️ Жарыс қорытындысында ҰҒПДТО бас директорының орынбасары С. Куптилеуова ерекше ойын өрнегін көрсете білген барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаздарды құттықтап, оларға кубок, медаль, диплом табыстады.

ҚР, Астана қ.,
Сарыарқа данғылы, 6
БО "АРМАН" 9 қабат
8 (7172) 72-57-90 Кадр бөлімі
8 (7172) 72-57-92 Спорт бөлімі
8 (7172) 72-57-93 О/Ә бөлімі
8 (7172) 72-57-94 Біліктілікті арттыру
nnpcfk2024@gmail.com
info@nnpcfk.kz
© Design by 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар