СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Абай, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарында біліктілікті арттыру курсы басталды

2024 жылғы 22 сәуірде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Абай, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарында «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Курсқа 448 тыңдаушы қатысуда.

Курста білікті тренер-лекторлар дене шынықтыру пәні бойынша инновациялық әдістерді сабақта тиімді пайдалану, педагогикалық- психологиялық, нормативтік-құқықтық бағыттары, IT құзыреттілікті дамыту бойынша кешенді білім беруде.

Біліктілікті арттыру курсы әріптестікті нығайту мақсатында педагогтердің өзара тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіретін әріптестік ортаның қалыптасуына ықпал етеді.

   

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.