СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-де 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» аясында мерекелік сайыс ұйымдастырылды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-де 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» аясында мерекелік сайыс ұйымдастырылды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің өкілдері – К.Жахин мен А. Кемалова ұжымды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, Орталықтың жоспарлы шараларының табысты өткізілуіне тілек білдірді.ҰҒПДТО бас директорының міндетін атқарушы – С. Куптилеуова Наурызнама онкүндігі жарияланғаннан бастап, Орталық қызметкерлерінің бірауыздан әр күннің мазмұнына сай мерекелік шаралардың өткізілуіне атсалысып, белсенділік танытып жатқандығын атап өтіп, ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтады. Ұлттық орталықтың бас директорының орынбасары – Р. Рысбекова: «2009 жылдың 30 қыркүйегінде ЮНЕСКО Наурыз мерекесін адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының өкілдік тізіміне енгізілген халықаралық деңгейдегі мейрам» екендігіне тоқталып, мәдени мұраның Көктем мерекесін жаңа идеямен қарсы алуға шақырды.

Қазақтың ұлттық спорт түрлері денсаулықты нығайту дағдыларын қалыптастыруға; оқу, ойын және жарыс қызметі жағдайында құрбы-құрдастармен қарым-қатынас жасау мәдениетінің машықтарын қалыптастыруға бағытталған.

Ұлттық орталықта ұйымдастырылған «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Арқан тарту» сайыстарына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері – К.Жахин мен А.Кемалова және Орталықтың Дене шынықтыру саласындағы мамандардың, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету зертханасы, Персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімі, Дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі зертханасы және Спорттық іс-шараларды өткізу, статистика және талдау бөлімінің қызметкерлері белсене қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Орталық грамоталарымен және номаниациялармен марапатталды.

«Асық ату» сайысында:
І орын – Л. Тусупханова (аға әдіскер);
ІІ орын – г. Алшынбаева (аға әдіскер);
ІІІ орын – А. Тоқтарбаева (аға әдіскер).

«Арқан тарту» сайысында
І орын – Спорттық іс-шараларды өткізу, статистика және талдау бөлімі,
ІІ орын – Дене шынықтыру саласындағы мамандардың, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету зертханасы.

«Тоғызқұмалақ» сайысы
І орын – М. Мухамадиева (бөлім бастығы);
ІІ орын – Г. Алшынбаева (аға әдіскер);
ІІІ орын – А. Мираманов (аға әдіскер).
Ұлттық спорт ойындарына жетекші сарапшы – Н. Бекмұрат төрешілік жасады.
Номинациялар:
«Көрісу» - Дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі зертханасы;
«Ынтымақ» - Персоналды басқару және ұйымдастыру бөлімі;
«Қайырымдылық» - Қаржы-экономикалық және мемлекеттік сатып алу бөлімі;
«Ұлттық спорт» - Спортық іс-шараларды өткізу, статистика және талдау бөлімі;
«Ұлттық киім» - Дене шынықтыру саласындағы мамандардың, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқу – әдістемелік қамтамасыз ету зертханасы.

Наурызнама аясындағы мерекелік сайыстың қорытындысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мен Орталық басшылары жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, табыс тіледі.

Мерекелік сайысты ұйымдастырушылар: М. Мухамадиева, Н. Бекмұрат,
А. Кабулова, Р. Бексемуратов, А. Джуванышева (ҰҒПДТО Спорт бөлімінің жетекші сарапшылары)

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.