СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
Семей қаласында ұлттық мектеп лигасының баскетболдан қыздар арасында облыстық кезеңі өтті.
- Қаралды: 76
2024 жылғы 27 ақпан 1 наурыз аралығында Абай облысы Семей қаласында ұлттық мектеп лигасының баскетболдан қыздар арасында облыстық кезеңі өтті. Жарыс қала мен аудандардың 5-6, 7-8 және 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Жарысқа барлығы 16 команда - 162 оқушы қатысты. Абай облысының "Дарын" білім орталығы жүлдегерлермен жеңімпаздарды, төрешілерді трофейлермен, медальдармен және грамоталарымен марапаттады.