СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми және практикалық қызметті жүзеге асыру
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы биыл ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-ұйымдастырушылық, біліктілікті арттыру, спорттық-бұқаралық іс-шаралар бағытында біршама жұмыстар атқарды.

Биыл алғаш рет ауқымды біліктілікті курстарын өткізуді қолға алдық, Орталық 11 982 жалпы орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогін, 650 мектепке дейінгі білім берудің дене шынықтыру тәрбиешілері мен нұсқаушыларын және 500 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогін бюджеттік негізде біліктілікті арттыру курстарынан өткізді, жалпы саны – 13 132.

Дене шынықтыру педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту туралы ережеге сәйкес есептер Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне уақтылы тапсырылып, мемлекеттік порталға жүктелді.

Біліктілікті арттыру курстарында 314 сертификатталған тренер-оқытушылардың дәрістері мен практикалық сабақтары өткізілді. Олардың қатарына ЖОО оқытушылары (PhD докторлары, ғылым кандидаттары, магистрлер), колледж бен орта мектептердің тәжірибелі мұғалімдері кірді. Оның ішінде: ғылым докторлары, PhD докторлары, ғылым кандидаттары-23% (70); магистрлер – 37% (117); педагог-шебер, педагог-зерттеуші, аға оқытушылар – 13% (41); UEFA жаттықтырушылары, әдіскерлер – 27,3% (86). Профессор-оқытушылар құрамы тренер-оқытушылардың жалпы санының 59,5% құрайды.
Ғылыми кеңесте бекітілген жұмыс тобы орта білім беру мазмұнын оқытудың жаңа әдістерін қолдану негізінде дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін оқу-әдістемелік ұсынымдармен қамтамасыз ету процесінде әдістемелік ұсынымдар мен құралдар үшін материалдар жинақтады. Мәселен «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы негізінде әдістемелік құралдар әзірленді. Оқу құралында «Дене шынықтыру» пәні бойынша біліктілікті арттыру курстарының оқу бағдарламаларының ерекшеліктері көрсетілген.
Бағдарламада дене шынықтыру пәні бойынша оқытушы-жаттықтырушыларға кешенді білім беруді және оқытуды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері, дене шынықтыру сабақтарында инновациялық әдістерді тиімді пайдалану, педагогикалық-психологиялық және нормативтік-құқықтық бағыттар, IT құзыреттіліктерін дамыту ұсынылған.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.