СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «ҰҒПДТО» РМҚК бас директордың стратегиялық даму және инновациялар жөніндегі орынбасары – Рысбекова Раушан Касымбековна 2023 жылы Орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген біліктілікті арттыру курсы туралы қорытынды аналитикалық есепт

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «ҰҒПДТО» РМҚК бас директордың стратегиялық даму және инновациялар жөніндегі орынбасары – Рысбекова Раушан Касымбековна 2023 жылы Орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген біліктілікті арттыру курсы туралы қорытынды аналитикалық есептің ҚР Оқу-ағарту министрлігіне жолданғанын хабарлады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 6 ақпан мен 24 қараша аралығында мектепке дейінгі, орта білім, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында дәріс беретін 13 128 дене шынықтыру педагогі кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

«Дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру» тақырыбындағы жалпы орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсында 11 982 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 6 модуль бойынша;
«Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің, тәрбиешілері мен дене шынықтыру нұсқаушыларының кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған біліктілікті арттыру курсында 650 дене шынықтыру нұсқаушысы 5 модуль бойынша;
«Техникалық және кәсіптік білім беретін дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәнінің педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсында 496 дене шынықтыру педагогі 6 модуль бойынша бюджеттік негізде кәсіби біліктілігін арттырды.
Біліктілікті арттыру курстарының мақсаты – еліміздегі білім беру стандартына сәйкес мектепке дейінгі, жалпы орта білім беретін, техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік ұйымдардағы дене шынықтыру педагогтерінің сапалы кәсіби даярлығын қамтамасыз ету, оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін пайдалануда кәсіби құзыреттер мен дағдыларды дамыту болып табылады.
Орталықтан 314 сертификатталған тренер-оқытушы біліктілікті арттыру курстарында дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізді. Жаттықтырушылар санына жоғары оқу орындарының оқытушылары (PhD докторлар, ғылым кандидаттары, магистрлер), колледждер және озық жұмыс тәжірибесі бар орта мектеп мұғалімдері кірді. Оның ішінде: ғылым докторы, PhD докторы, ғылым кандидаты – 23% (70); педагогика ғылымдарының магистрі – 37% (117); шебер оқытушы, оқытушы-зерттеуші, аға оқытушы – 13% (41); UEFA жаттықтырушысы, төреші, әдіскері – 27% (86). Профессорлық-оқытушылар құрамы тренерлердің жалпы санының 59,5%-ын құрады.
Білім беру ұйымдарында білім сапасын қазіргі заманға сай дамытуда дене шынықтыру педагогінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты орындау бойынша 2023 жылға арналған жоспар толығымен орындалды. Біліктілікті арттыру курсынан өткен педагогтер өздерінің алған білімдерін оқу процесінде толық қолданып, нәтижелерге қол жеткізуде. Педагогтердің нәтижелі жұмыстарының әзірлемелерін, мақалаларын Орталықтың «Дене шынықтыру жаршысы» журналынан және www.nnpcfk.kz сайтынан оқи аласыздар.

      

 

       

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.