СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

«Бес табан» және «Бес асық» ойынынан республикалық жарыс өтеді

🗣️Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және ҚР Асық ату федерациясының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында «Бес табан» және «Бес асық» ойынынан республикалық жарыс өтеді.
✅«Алтын сақа» республикалық олимпиадасы шеңберінде Астана қаласында 2023 жылғы 8-9 желтоқсанда өтетін республикалық жарысқа Астана, Алматы қалалары және еліміздің басқа да өңірлерінен 14 команда қатысуға өтінім берді.
✅Бүгін Орталықтың бас директоры Садықов Сағдат Кәбірұлы жарысты өткізу мәселелері бойынша Федерацияның бас хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі Тасқалиев Мусағали Сабырғалиұлымен кездесті.
📌Сонымен қатар, Олимпиада аясында «Асық ойыны – ұлттық спорт түрлерінің әліппесі» тақырыбында дене шынықтыру педагогтеріне арналған республикалық семинар өтеді.
✅ Айта кетейік, жарысқа 9-11 сынып оқушыларынан құралған облыс құрамалары қатысады. Команда құрамында 6 оқушыдан (3 ер бала, 3 қыз бала) болады.
🏆Жеңімпаздар Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының медаль, дипломдарымен марапатталады.👏🏻
 
 
 
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.