СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

“Үздік дене шынықтыру педагогі - 2023” республикалық байқауы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен 21-24 қарашада Щучье қаласында “Үздік дене шынықтыру педагогі - 2023” республикалық байқауы өтті. Байқауға аймақтық іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанған 19 педагог (қатыспаған - Шымкент қаласы) қатысты.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының демеушілігімен жеңімпаздарға 1500000 тг жүлде тағайындалды: гран-при Нурбол Абдигалиев (Қостанай облысы) 500 мың, 1-орын Жұлдыз Оспанова (Алматы қаласы) 350 мың, 2-орын Алибек Пусурманов (Ақтөбе облысы) 200 мың, 3-орын Гульжан Иманова (Ақмола облысы) 150 мың, “Креативті педагог” номинациясы Асылбек Мергенбаев (Алматы облысы) 100 мың, “Үздік сабақ” номинациясы Арман Ахметов (Солтүстік Қазақстан облысы) 100 мың, “Үздік спорттық іс-шара” номинациясы Жасталап Еншалла (Батыс Қазақстан облысы) 100 мың тг.
Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық педагогтерге сертификат табысталды. Ұйымдастыру комитеті байқау қорытындысы бойынша үздік сабақтар мен авторлық бағдарламалар жинағын шығарады.
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.