СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫС ҚҰРАМА КОМАНДАЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2023 жылғы 20-26 қараша күндері аралығында Қызылорда қаласында өткен волейболдан 2007 - 2008 жылы туылған (ер, қыз балалар) облыс құрама командаларының арасындағы республикалық жарыс өз мәресіне жетті. Аталмыш жарыстың жабылу салтанатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының жетекші сарапшысы Нұрсұлтан Бекмұратұлы және Қызылорда облысының Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының директоры Досаев Фархат Лиясұлы құттықтау сөз сөйлеп, арнайы дипломдар мен кубок, медальдармен марапаттады.
Республикалық жарысқа Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласынан командалар қатысып, өзара жеңімпаздарды анықтады.
Айта кету керек, ұлдар арасында өткен жарыс нәтижесінде
І орын - Қызылорда облысы 🥇🏆
ІІ орын - Шымкент қаласы 🥈🏆
ІІІ орын - Маңғыстау облысы 🥉🏆 иеленді.
Сонымен қатар қыздар арасындағы жарыс нәтижесінде
І орын - Ақтөбе облысы 🥇🏆
ІІ орын - Қызылорда облысы🥈🏆
ІІІ орын - Алматы қаласы 🥉🏆 командалары иеленді.
Барлық жеңімпаз командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.