СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы республика бойынша орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылындағы Ұлттық мектеп лигасының жаңа маусымының онлайн ашылу  рәсімін өткізді.

Лига ойындары мектеп бағдарламасындағы спорттың 10 түрі баскетбол, футзал, волейбол, гандбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, бес асық - асық ату, жеңілатлетикалық кросс бойынша өткізіледі.

Оқушылар оқу жылының басынан бастап іріктеліп, мектептен ауданға, ауданнан қалаға, қаладан облысқа, облыстан республикалық кезеңге жолдама алу үшін сайысқа түседі.

Ұлттық мектеп лигасының жаңа маусымын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садықов Сағдат Кәбірұлы ашып берді.

«Жаңа оқу жылындағы Ұлттық мектеп лигасының басталуымен сіздерді құттықтаймын! Өткен оқу жылында республикалық кезең Астана қаласы, Павлодар  мен Алматы  облыстарында өтті. Нәтижесінде  Түркістан, Павлодар, Шымкент, Ақтөбе, Жамбыл облысының оқушылары үздік үштіктен көрінді. Мектеп лигасын дамытуға үлес қосып жүрген облыстық білім басқармалары, аймақтық дене тәрбиесі орталықтары, мектеп басшылығы мен педагогтер баршаңызға алғыс білдіремін! Қымбатты жас спортшылар, спорт сіздерді тәртіпке, ұйымшылдыққа, сыйластыққа, тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді деп сенемін», - деді С.Садықов. 

Балалар талпыныс пен тұрақты дайындық жеңіске жетелейтінін жақсы біледі. Жеңістің дәмін бір татқан лига чемпиондары келер жылы да чемпиондықты сақтап қалуға ұмтылады. Осылайша мектеп өмірінің жарқын естеліктерін сыйлап жүрген Ұлттық мектеп лигасы оқушылар арқылы ұстаздар қауымының еңбегін паш етеді.

Бүгінгі онлайн жиында ҰМЛ-ға қатысатын барлық ұстаздар мен оқушылар атынан ант беру рәсімі өтті.

Педагогтер атынан Ақтөбе қаласы, №49 жалпы орта білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Куанбаев Нурболат Асылбекович, жас спортшылар атынан Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы Б.Нұрлыбеков мектебінің 9г сынып оқушысы Ескулова Ұлжан Багланқызы ант қабылдады.

Ұлттық мектеп лигасының 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар бойынша республикалық-финалдық кезеңі наурыз – шілде аралығында өтеді.

ҰМЛ-дың 1-кезеңінің ашылу рәсіміне барлық аймақтың мектептері қатысты:

  1. Абай облысы, Семей қаласы, "№49 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ
  2. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектебі
  3. Ақтөбе қаласы "Ж.Тәшенов атындағы № 68 жалпы білім беретін орта мектеп"
  4. Алматы қаласы, Алатау ауданы №210 мектеп
  5. Алматы облысы, Іле ауданы Боролдай кенті №54 орта мектеп
  6. Астана қаласы, №43 мектеп-қосымша білім беру орталығы
  7. Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Н.Манаев атындағы жалпы орта мектебі
  8. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №59 орта мектеп
  9. Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Үлкеншыған орта мектебі
  10. Қарағанды қаласы, № 1 гимназия
  11. Қостанай облысы, Ә.Бөкейхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
  12. Қызылорда қаласы, Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ мектеп лицейі
  13. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №15 жалпы орта білім беретін мектебі
  14. Шығыс Қазақстан, Өскемен қаласы, "№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы
  15. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл мектеп-колледжі
  16. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы Б.Нұрлыбеков орта мектебі
  17. Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, №8 гимназия
  18. Шымкент қаласы, №136 жалпы орта білім беретін мектеп
  19. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы 21 мектеп
  20. Павлодар облысы, К.Макпалеева атындағы мектеп

 

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.