СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХІІ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІ жазғы Қазақстан Универсиадасы Ақтау қаласында өтіп жатыр.

Бүгін тоғызқұмалақтан ХІІ жазғы Қазақстан Универсиадасы басталды. Жарысқа 17 университет қатысуға өтінім берді:

1. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ);
2. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ);
3. Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
4. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университет;
5. Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті;
6. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ);
7. Торайғыров Университеті
8. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті;
9. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті;
10. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогигалық университеті;
11. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті;
12. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
13. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
14. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті;
15. Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
16. Қазақ Спорт Туризм Академиясы
17. Ш.Есенов атындағы каспий технологиялар және инжиниринг университеті.

17 спорт түрінен жазғы Универсиада ойындары 24 мамыр-24 маусым аралығын қамтиды. Бағдарламада жүзу, волейбол, таэквандо, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, еркін күрес, дзюдо, грек-рим, қазақ күресі, әйелдер күресі, жеңілатлетика, баскетбол, футзал, бокс, бадминтон, каратэ спорт түрлері бар. Қазіргі таңда жүзу, үстел теннисі, жеңілатлетика жарыстары мәресіне жетті.

Айта кетейік, бүгін Универсиаданың ашылу салтанаты «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде өтеді.

           

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.