СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ШАХМАТТАН ХІІ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІ жазғы Қазақстан Универсиадасы Ақтау қаласында өтіп жатыр.

Бүгін шахматтан ХІІ жазғы Қазақстан Универсиадасы басталды. Жарысқа 9 университет қатысуға өтінім берді:
1. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
2. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
3. Назарбаев университеті
4. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
5. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
8. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
9. Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Айта кетейік, Универсиаданың ашылу салтанаты – 5 маусым күні «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде өтеді. 17 спорт түрінен жазғы Универсиада ойындары 24 мамыр-24 маусым аралығында өтеді. Жүзу, волейбол, таэквандо, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, еркін күрес, дзюдо, грек-рим, қазақ күресі, әйелдер күресі, жеңілатлетика, баскетбол, футзал, бокс, волейбол, бадминтон, каратэ спорт түрлерінен еліміздің 55 жоғары оқу орнынан 3000-нан астам студент өзара сайысқа түседі. Қазіргі таңда жүзу, үстел теннисі, жеңілатлетика жарыстары мәресіне жетті.

      

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.