СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
#Күнсаны
- Қаралды: 108
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы 2023 жылдың 12 наурызы мен 27 мамыры аралығында Қазақстан футбол федерациясымен бірлесіп ұйымдастырған дене шынықтыру педагогтерінің төрешілік курстары аяқталды. Еліміздің 20 өңірінде өткен іс-шараға 1614 мұғалім қатысып, «Футбол төрешісі» сертификатын иеленді.
Сонымен қатар, барлық аймақта 9-14 жас аралығындағы оқушы қыздарға арналған «Менің ойыным» футбол фестивалі өтті, оған еліміздің 20 өңірінен 2213 қыз қатысты.