СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасында республикалық спартакиада басталды
- Қаралды: 154
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасында республикалық спартакиада басталды. Биыл аталмыш шара 2-мәрте ұйымдастырылуда.
Спартакиада волейбол (ерлер-әйелдер), баскетбол (ерлер-әйелдер), үстел теннисі (ерлер-әйелдер), тоғызқұмалақ (ерлер-әйелдер), футзал (ерлер) 5 спорт түрінен өткізіледі. Барлығы еліміздің 20 өңірінен 340 педагог қатысып жатыр.
Айта кетейік, Спартакиада жарыстары 1-7 маусымда Семей қаласындағы колледж базаларында өтеді.
Жеңімпаздар кубок, медаль және дипломдармен марапатталады.