СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

“Былғары доп” Ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары анықталды

Астана қаласында республикалық Ұлттық мектеп лигасы аясында футболдан «Былғары доп» жарысының финалдық кезеңі өтті. 9-11 сыныптар (қыздар) арасындағы футбол жарысына 9 аймақтан 134 оқушы қатысты.
 
Жарыс алаңына ФИФА Президенті Джанни Инфантино келіп, еліміздегі қыздар футболына жоғары баға берді. Оқушыларды келешекте әдемдік спорт аренасында көргісі келетінін айтты.
«Футболдан Ұлттық мектеп лигасы турнирінің шешуші кезеңі Қазақстан футболының 110 жылдық мерейтойы қарсаңында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сондай-ақ қыз балалар арасында республика көлемінде «Менің ойыным» футбол фестивалін федерациямен бірлесіп өткізіп жатырмыз. Жыл өткен сайын оқушылардың шеберліктері мен қызығушылықтары артқанын ерекше атап өту керек»,- дейді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов.
Жарыс қорытындысы бойынша
1 орын - Шымкент қаласы, 2 орын - Түркістан облысы, 3 орын - Ақтөбе облысының оқушылары иеленді.
Айта кетейік, жарыстың ұлдар арасындағы жеңімпазы - Алматы қаласы №31 ЖББМ, күміс жүлде иегерлері – Астана қаласы №64 мектеп-лицейі. Қола жүлдені Жетісу облысы, Панфилов ауылы, «Үлкеншыған» мектебінің оқушылары жеңіп алды.
 
      
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.