СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

СТУДЕНТТІК СПОРТ ЛИГАСЫ

2022 жылдан бастап «Студенттік спорт лигасы» басталды, Лига бекітілген регламентке сәйкес үш кезеңде өткізіледі:
 
I кезең - университетішілік, әр университет ішінде өтеді (жеңімпаздар арасында аймақтық кезеңге ЖОО құрама командасы құрылады);
II кезең - аймақтық кезең, ЖОО жеңімпаздары арасында өткізіледі.
III кезең - финал, республикалық кезең.
І, ІІ кезеңдерді өткізу үшін жоғары оқу орындары жауапты және өткізуші ЖОО есебінен қаржыландырылады, ІІІ финалдық кезеңді өткізу бойынша барлық шығындарды қабылдаушы ЖОО қамтамасыз етеді.
Іс-шараны жүйеге келтіру мақсатында барлық ЖОО-лар орналасқан жеріне сәйкес аймақтар бойынша бөлінді:
- Орталық дивизион - Астана қ., Қарағанды, Ұлытау облыстары;
- Оңтүстік-Шығыс дивизион - Алматы қаласы, Жетісу, Алматы облысы;
- Шығыс дивизионы - ШҚО, Абай облысы, Павлодар облысы;
- Солтүстік дивизион - СҚО, Ақмола, Қостанай облысы;
- Батыс дивизионы - БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары;
- Оңтүстік дивизион - Шымкент қ., Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары.
2022 жылы студенттік спорт лигасының финалдық кезеңі 4 қалада (Астана, Алматы, Орал, Өскемен) өткізілді.
Оған Қазақстанның спорттың 5 түрі бойынша 65 (107) жоғары оқу орны қатысты, бұл жоғары оқу орындарының жалпы санының 60% -. құрады. 27 ЖОО республикалық финалдық кезеңге қатысты.
2023 жылы студенттік спорт лигасының финалдық кезеңі бойынша мәлімет:
1. Волейбол (ұ., қ.) Түркістан қ., Қ. А. Ясауи атындағы ШҚТУ
2. Қазақ күресі (ұ. қ.) - Түркістан қ., Қ. А. Ясауи атындағы ШҚТУ
3. Баскетбол (ұ. қ.) - Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
4. Тоғызқұмалақ (ұ. қ.) - Павлодар қаласы, Ә. Марғұлан атындағы ППУ
5. Футзал (ұ) - Орал қаласы, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
6. Футзал (қ) - Астана қ., Футбол федерациясы
7. Үстел теннисі (ұ. қ.) - Астана қ., Гумилев атындағы ЕҰУ
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.