СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

АСТАНАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ШАХМАТТАН АЛҒАШ ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен оқушылар арасындағы шахматтан республикалық олимпиада мәресіне жетті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша бас жүлдені Астана қаласының командасы, екінші орынды Алматы қаласы және үшінші орынды Батыс Қазақстан облысынан келген команда жеңіп алды.
«Олимпиада халықаралық шахмат федерациясының ережелері бойынша рапид (командалық) форматында өтті. Төрешілер құрамы оқушылардың шеберліктері мен талаптарын жоғары бағалап отыр. 2-11 сынып оқушылары арасында алғаш рет өткен бұл бастама әрі қарай жалғасын табады», – дейді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов.
Шахматтан республикалық олимпиадаға еліміздің әр өңірінен 100-ге жуық 2-11 сынып оқушылары қатысты. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табысталды.

  

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.