СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАР ГИМНАЗИАДАСЫ: ПАВЛОДАРДА МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ ЖАРЫСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Оқу - ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен ХІ қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының бағдарламасына сәйкес 2-6 сәуірде Павлодар қаласында мәнерлеп сырғанау жарысы басталды.
 
Айта кетейік, алда 10-18 сәуірде Өскемен қаласында шайбалы хоккей жарысы, 14-21 сәуірде елордада өтетін бенди жарысымен Қазақстан оқушылар гимназиадасы қорытындыланады.
Биыл қысқы Гимназиада 8 спорт түрінен өтуде, еске салайық, қазіргі таңда 5 спорт түрінен жеңімпаздар анықталды:
Конькимен жүгіру спортынан Солтүстік Қазақстан, Астана, Қостанай өңірінің оқушылары алға шықты.
Шорт-тректен Астана, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оқушылары жңіс тұғырынан көрінді.
Қысқы президенттік көпсайыста Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облысының оқушылары жеңіске жетті.
Қысқы спорттық бағдарлаудан Шығыс Қазақстан облысы, Астана қаласы, Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары үздік үштікке енді.
Ал шаңғы жарысынан Ақмола, Қостанай және Павлодар облысының оқушылары жеңімпаз атанды.
  
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.