СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Дене шынықтыру мұғалімдерінің назарына!


Орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсының тақырыбы - «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру».
Ұйымдастырушы – Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы.
Білім беру бағдарламасы нормативтік-құқықтық және психологиялық-педагогикалық бағыттарды, білім сапасын арттыру жағдайында білім беру мазмұны мен әдістерін жетілдіруді, дене шынықтыруды оқытудың заманауи технологиялары және ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың дене тәрбиесін, ІТ құзіреттіліктерді қамтиды.
Бүгінгі ақпарат бойынша 2334 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Қарағанды, Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы қаласында 1347 педагог курста білімін жетілдіруде.
Біліктілікті арттыру курсы 2023 жылдың желтоқсан айына дейін республиканың барлық өңірлерінде өтеді. Курсқа қатысу үшін жергілікті білім басқармаларына өтінім беру керек.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.