СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Жыл басынан дене шынықтыру пәнінің мыңға жуық мұғалімі біліктілігін арттыру курстарынан өтті

Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдістері енгізілген бағдарлама дайындалды. Биыл орта білім беру ұйымдарының 12 мыңға жуық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бюджеттік негізде кәсіби біліктілігін арттырады. Қазіргі таңда 20 ақпан-3 наурыз аралығында Түркістан облысында 101 педагог аталмыш курста оқып жатыр.

Білім беру бағдарламасы нормативтік-құқықтық және психологиялық-педагогикалық бағыттарды, білім сапасын арттыру жағдайында білім беру мазмұны мен әдістерін жетілдіруді, дене шынықтыруды оқытудың заманауи технологиялары және ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың дене тәрбиесін қамтиды.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов: “Орталықтың лекторлар құрамы қалыптасқан. Тыңдаушылар сауалнамасын зерттеуден соң биылдан бастап оқу бағдарламасына өзгерістер енгізілген. Оған ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу тақырыптары және ұлттық спорт түрлері бойынша оқытудың заманауи әдістері қосылды”.

Сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жүргізген талдау негізінде бағдарламаларға инклюзивті білім беру және практикалық дайындықты арттыру ұсынысы енгізілді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 362994557_1336578530295483_1821567803852537607_n
  • 364774823_1336578700295466_1891570393230579280_n
  • m_122
  • m_363348841_1336578496962153_2128995672856481662_n

 

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.