СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Оқушылары арасында республикалық спорттық-интеллектуалдық эстафета

«БОЛАШАҚҚА – БІЛІМДІ, ДЕНІ САУ ҰРПАҚ!» ҰРАНЫМЕН 1-10 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТТЫҚ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ЭСТАФЕТА

Мектеп оқушыларының физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық, психологиялық денсаулығын нығайту, инновациялық компьютерлік технологияларды қолдана отырып, жалпы білім беретін пәндерді меңгеру, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында үш кезең бойынша (1 кезең – мектепішілік, ІІ кезең – қалалық/аудандық, ІІІ кезең – облыстық) «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ!» ұранымен 1-10 сынып оқушылары (ұл, қыз) арасында спорттық-интеллектуалдық эстафета ұйымдастырылуда.

Биыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды - «Балалар жылы» деп жариялауына орай Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми – практикалық дене тәрбиесі орталығының бұқаралық-спорттық жарыстардың күнтізбелік жоспарына енгізіліп, спорттық-интеллектуалдық эстафетаның 4-кезеңі республикалық деңгейде 31 қазан - 4 қараша аралығында Атырау облысының Аймақтық дене тәрбиесі орталығының қолдауымен Атырау қаласында өтіп жатыр.

Республикалық эстафетаға Астана қаласы, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облысының (Махамбет, Исатай аудандары) оқушылары қатысып, топтық кезеңіне 140 оқушы қамтылып, сынға түсуде.

Жас спортшыларымызға сәттілік!

Жарыс қызықты өтсін!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
  • 094
  • 095
  • 096
  • 097
  • 098
  • 099
  • 0991
  • 0992
  • 0993
  • 0994
  • 0995
  • 0996
  • 0997
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.