СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Ұлттық мектеп лигасы - жаңа чемпиондардың есімдері

Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Ұлттық мектеп лигасы жобасы 2022-2023 оқу жылында жаңа чемпиондардың есімдерін жариялайды. Мектепішілік іріктеуге әрбір сынып оқушылары өздері қалаған спорт түрлерін таңдап қатысады.

Айта кетейік, Лига 4 кезеңді қамтиды:

1. Мектепішілік іріктеу

2. Аудандық / қалалық

3. Облыстық

3. Республикалық

2023 жылдан бастап Ұлттық мектеп лигасына шахмат жарысы енгізілді, сондай-ақ Казспорт телеарнасымен келісіп тікелей эфирде финалдық республикалық кезеңдер көрсетілетін болады.

2021-2022 оқу жылында 10 спорт түрінен 41 жарыс өткізілді. Бірінші кезеңде 1 946 371 (54 %), екінші кезеңде 776 964 (21,5%), үшінші кезеңде 50597 (1,4 %) және төртінші кезеңде 4192 (0,11%) оқушы қатысты. Былтырғы жылмен салыстырғанда 13,8% қатысушылар саны артты.

2021-2022 оқу жылындағы Лиганың қорытындысы Қазақстанның чемпиондары

5-6 сыныптар арасында жалпы командалық есепте 3 орын – Қарағанды облысы, 2 орын – Түркістан облысы, 1 орын – Павлодар облысы.

7-8 сыныптар арасында 3 орын – Қарағанды облысы, 2 орын – Павлодар облысы, 1 орын – Түркістан облысы.

9-11 сыныптар арасында 3 орын – Жамбыл облысы, 2 орын – Шымкент қаласы, 1 орын – Түркістан облысы иеленген еді.

 

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.