СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Халық қаһарманы Р.Қошқарбаевты еске алуға арналған республикалық жарыс

Қазақ күресінен 2006-2007 жылы туылған оқушылар арасында Халық қаһарманы Р.Қошқарбаевты еске алуға арналған республикалық жарыс.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен қазақ күресінен республикалық жарыс басталды.

Жарысқа 2006-2007 жылы туылған 250 оқушы қатысуда. Айта кетейік, республикалық додаға 12 өңірдің оқушылары қатысып, бақтарын сынайды.

Бүгін жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры С.Садықов қатысты.

Рақымжан Қошқарбаев - Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы. 1924 жылы 19 қазанда дүниеге келген, 1988 жылы 10 тамызда 63 жасында қайтыс болған.

Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947 – 67 ж. Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор болды.

Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

 

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.