СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Спорттағы ғылыми жұмыстар платформасы құрылады

Бүгін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Сағдат Садықов Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі, доцент Улбосын Марчибаева және кафедра қызметкерлерімен кездесті.

Жиында ЕҰУ-дың дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы PhD Светлана Отаралы, ЕҰУ-дың дене шынықтыру және спорт кафедрасының шақырылған профессоры Талғат Сағиев студенттердің арасында қозғалыс белсенділігін арттыру және артық салмақ мәселелерін көтерді. Осыған орай студенттердің денсаулық паспорттарын әзірлеуді және   арнайы бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізуді ұсынды.

Сонымен қатар, жиында елімізде спорт ғылымы бойынша жүргізілетін зерттеулерді жүйеге келтіру мәселесі қозғалды.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Сағдат Садықов “Орталық Еуразия ұлттық университеті, Астана медицина университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттерімен ынтымақтастық байланыс орнатып, спорт және дене тәрбиесі саласындағы ғылыми зерттеулерді жүйелеу бағытында арнайы платформа әзірлеуді ұсынамын”,-деді.

Айта кетейік, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы қазіргі таңда Астана медицина университетімен бірлесіп ғылыми-зерттеу зертханасын іске қосты.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.