СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

1630 дене шынықтыру мұғалімі тегін біліктілікті арттыру курсынан өтеді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2022 жылғы 3 қазан - 9 желтоқсан аралығында бюджеттік негізде дәстүрлі форматта Қазақстанның барлық өңірлерінде орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары  өтеді.

Курстың алғашқы легі Астана қаласында, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Солтүстік Қазақстан облыстарында басталды. Курсқа 370 адам қатысып жатыр. 80 академиялық сағат көлемінде қазақ - орыс тілдерінде  өтетін курста жалпы 1630 мұғалім қамтылады деп күтілуде.

Білім беру бағдарламасы педагогтердің пәндік саладағы кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған. Курстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі.

Өз аймағыңыздағы курстың уақытын білу және тіркелу үшін жергілікті білім басқармасына хабарласу керек.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
  • 094
  • 095
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.