СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Атырау қаласында облыстық ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанаты өтті

2022 жылдың  қыркүйек айының 22-сі күні Атырау қаласында облыстық ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында Атырау облыстық білім беру басқармасы басшының міндетін атқарушысы Айнагул Байғанинқызы сөз сөйлеп спортшылырға сәттілік тіледі. Аталған шарада Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері төс белгісімен» «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының директоры Асхат Жұмабекұлы марапатталды. Сонымен қатар Қызылорда қаласында гандболдан 9-11 сынып ұлдар арасында "Ұшқыр доп" ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңінің жеңімпаздарын дайындағаны үшін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірінің алғыс хатымен Айбол Шаймарданұлы мараптталды. Айта кетейік желтоқсан айының соңына дейін жас ерекшеліктеріне қарай спорттың 11 түрінен  (баскетбол, волейбол, гандбол, футзал, шахмат, футбол, асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, президенттік көпсайыс) 43 жарыс бойынша өзара сынға түседі.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.