СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі

Ұстаздықтың қадірін асырып, жақсы атқа шаң жуытпай жүрген өз ісінің нағыз майталмандары баршылық. Солардың қатарында мұғалім мамандығын жүрегімен қалап таңдаған, жауапкершілікпен атқаратын, оқушыларына білім мен тәрбие нәрін сіңірген ұлағатты ұстаздарды мақтау да, олармен мақтануға да әбден болады. Еліміздің батысы мен шығысы, оңтүстік-солтүстігі, орталығын алсақ та, атын алтын әріппен жазуға лайық ұстаздар жетерлік.

Шәкірт үшін өз уақытын аямай, салауатты өмір салтымен қатар спортқа баулып, жамандықтан тиып, жақсылыққа шақырып жүрген оралдық дене шынықтыру пәні мұғалімі, жоғары санатты педагог Куанаев Досым Сейлханович бүгінгі әңгімеміздің бас кейіпкері.  17 жыл педагогикалық мансабында талай жас чемпиондардың жұлдызын жағып, бағын ашқан.

Тәні саудың жаны сау боларын жақсы түсінетін ұстаз оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттыру арқылы тәртіп пен тәрбиеге баулуға болатынын біледі. Мектептің мәртебесі мен мерейін көтеріп жүрген Досым мұғалім шәкірттерін әртүрлі деңгейдегі жарыстарға апарып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Баскетболдан ұлдар командасын баптап,  қала, облыс, республика чемпиондары; West CUP-2022 батыс аймақтық республикалық турының чемпионы атанған. Сондай-ақ, ізінен ерген шәкірттері бүгін де өздері сайыс алаңында төрешілік жасауға жарап тұр. “Жақсының аты, ғалымның хаты өшпейді” деген халық даналығының көрінісі осындай болса керек.

Үлкен жүректі ұстаздар бір ұрпақтың ғана емес, өзі тәрбиелеген шәкірттерімен есімдері мен еңбектері мың жасайды. Үйретуден жалықпаған ұстаздар ата-анамен бірдей баланың игілігін көздеп, жақсылығын тілейді. Өмірден өз орнын табуына, тұлға болып қалыптасуына мән береді. Бүгінгі таңда Досым Сейлхановичтің оқушылары Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің спорт мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі мамандығы бойынша студенттері. Кейбірі оқуларын тәмамдап, білікті мамандарға, ұстазының әріптесіне айналған.  "Мағжан, Ералхан, Бекасыл, Мирлан, Мейрамбек сынды шәкірттерім колледж студенттері, Батырлан, Бекарыс, Нұрасыл жоғары оқу орнында білім алуда. Өзімнің ұлым Сейлханов Мансұрды да болашағын спортпен байланыстырғанын жөн көріп, осы салаға бағыттадым. Қазір колледжде оқиды. Баскетболдың қыр-сырын жақсы меңгерген жігіттерден үлкен үміт күтіп отырмын",-дейді Досым мұғалім шәкірттері туралы.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.