СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Қазақстанда педагогтердің республикалық Тамыз конференциясы өтіп жатыр

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ:  ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ БОЙЫНША САБАҚТЫ ЖӘНЕ САБАҚТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ

5-19 тамызда Қазақстанда педагогтердің республикалық Тамыз конференциясы өтіп жатыр. Екі апта бойы панельдік сессияларда педагогтер мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселелерді, балалардың құқықтарын қорғау және білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы педагог қызметкерлердің республикалық  Тамыз кеңесі  аясында дене шынықтыру мұғалімдерінің секциялық отырысын өткізді. Пленарлық отырыс «Оқу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру»; «Дене шынықтыру мұғалімінің сабақтан тыс жұмысын ұйымдастыру мәселелері» тақырыбындағы екі бағытты қамтыды.

«Дене тәрбиесі мен спорт бойынша сабақты және сабақтан тыс жұмыстарды өткізу» тақырыбындағы дәстүрлі секциялық отырыс 11 тамыз күні елордада Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінің білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері, дене шынықтыру, спорт орталықтарының директорлары, әдіскерлер және дене шынықтыру мұғалімдері қатысты.

Арнайы қонақтар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері.

Спикерлер: Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Ұлттық тестілеу орталығы, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық білім беру мазмұнын сараптау орталығы, «НЗМ» Педагогикалық шеберлік орталығы,  ҚР Дене шынықтыру мұғалімдер қауымдастығы,  жекеменшік Үркер мектебі, «Өркен» балалар-жасөпірімдер дене тәрбиесі орталығы, Қазақстан мектеп спорты федерациясы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мамандары.

Тамыз кеңесі аясында оқу жылы көлемінде өткізілген республикалық Ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары марапатталды. 2021-2022 оқу жылында 10 спорт түрінен 41 жарыс өткізілді. Бірінші кезеңде  1 946 371 (54 %), екінші кезеңде 776 964 (21,5%), үшінші кезеңде  50597 (1,4 %) және төртінші кезеңде 4192 (0,11%) оқушы қатысты. Былтырғы жылмен салыстырғанда  13,8% қатысушылар саны артты.

Ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздарын дайындаған ұстаздарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаевтың грамоталары табысталды.

Лиганың қорытындысы бойынша 5-6 сыныптар арасында жалпы командалық есепте 3 орын –  Қарағанды облысы, 2 орын – Түркістан облысы, 1 орын  – Павлодар облысы. 7-8 сыныптар арасында 3 орын – Қарағанды облысы, 2 орын – Павлодар облысы, 1 орын – Түркістан облысы. 9-11 сыныптар арасында 3 орын – Жамбыл облысы, 2 орын –  Шымкент қаласы, 1 орын –  Түркістан облысы иеленді.

Ұлттық мектеп лигасының басқа кешенді жарыстардан ерекшелігі - команда құрамы бір мектептің оқушыларынан құралады; 5-6, 7-8, 9-11 сыныптарға бөлініп өткізіледі; жарыстар мектеп бағдарламасында бар спорт түрлерін қамтиды.  

Лига  төрт кезеңнен тұрады:

1-кезең: мектепішілік іріктеу;

2-кезең: аудандық / қалалық жарыстар;

3-кезең: облыстық жарыс;

4-кезең республикалық-финалдық жарыстар.

Тамыз кеңесі аясында Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садықов Сағдат Кәбірұлына Қазақстан мектеп спорты федерациясының ресми өкілі Федерация бас директорының куәлігін және төсбелгісін табыстады. Бүгіннен бастап Сағдат Кәбірұлы Мектеп спорты федерациясы Президиумының мүшесі атанды.

Биылғы оқу жылында лиганы өткізу арқылы дене шынықтыру мұғалімдерінің рейтингісін жүргізу  жоспарлануда.  2023 жылдан бастап Ұлттық мектеп лигасын өткізген кезде спорт түрлері бойынша федерациялармен бірлесіп, мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстарын өткізіледі. Сондай-ақ, лига бағдарламасына шахмат жарысы енгізіледі, Казспорт телеарнасымен келісіп тікелей эфирде финалдық республикалық кезеңдер көрсетілетін болады.

Жиын қорытындысы бойынша ұсыным хат және дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған әдістемелік  материалдар әзірленіп, электрондық нұсқасы ресми сайтта жарияланады. Сілтеме: https://nnpcfk.kz/index.php/kk/

Қосымша ақпараттар бойынша:  Гүлжайна Мұхашева / 87766110111

Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының

әлеуметтік желідегі парақшалары:

Instagram / TikTok: salauatty _kazakhstan

Facebook / YouTube / Telegram: Ұлттық дене тәрбиесі орталығы.

 

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
  • 094
  • 095
  • 096
  • 097
  • 098
  • 099
  • 0991
  • 0992
  • 0994

 

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.