СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Қазақстанда педагогтердің Республикалық тамыз конференциясы өтуде

5-19 тамызда Қазақстанда педагогтердің республикалық тамыз конференциясы өтіп жатыр. Екі апта бойы панельдік сессияларда педагогтер мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселелерді, балалардың құқықтарын қорғау және білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы педагог қызметкерлердің республикалық  Тамыз кеңесі  аясында дене шынықтыру мұғалімдерінің секциялық отырысын өткізеді.

«Дене тәрбиесі мен спорт бойынша сабақты және сабақтан тыс жұмыстарды өткізу» тақырыбындағы дәстүрлі секциялық отырыс елордада Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінің білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары және әдіскерлері, дене шынықтыру, спорт орталықтарының директорлары, дене шынықтыру мұғалімдері қатысады.

Пленарлық отырыс «Оқу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру»; «Дене шынықтыру мұғалімінің сабақтан тыс жұмысын ұйымдастыру мәселелері» тақырыбындағы екі бағытты қамтиды. Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Ұлттық тестілеу орталығы, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық білім беру мазмұнын сараптау орталығы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Дене шынықтыру мұғалімдер ассоциациясы,  «НЗМ» Педагогикалық шеберлік орталығының мамандары дене тәрбиесі мәселелеріне қатысты маңызды тақырыптарды талдайды. Сонымен қатар, дене шынықтыру мұғалімдеріне әдістемелік  материалдар әзіреніп, электрондық нұсқасы ресми сайтқа орналастырылады.

 

 

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.