СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

“Қазақстанның салауатты қалалары (өңірлері)” ұлттық желісі жобасын талқылау мақсатындағы дөңгелек үстел отырысы

Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан “Қазақстанның салауатты қалалары (өңірлері)” ұлттық желісі жобасын талқылау мақсатындағы дөңгелек үстел отырысына қатысуда.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) зерттеулері негізінде анықталған мәліметтерге сәйкес 2020 жылы артық салмақ пен семіздіктің таралуы 6-9 жастағы балаларда 20,6%; 6,6% бала семіздікке, оның ішінде 1,6% шамадан тыс семіздікке шалдыққан. Артық салмақ пен семіздік қыздарға қарағанда ұлдарда жиі кездеседі.

Балалардың салмақтық мәртебесі ДДҰ-ның балалардың физикалық даму өлшемдеріне сәйкес анықталған. Зерттеу Балалар семіздігін эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі Children obesity surveillance initiative бастамасы шеңберінде жүргізілген.

Қазақстан өңірлерінде: Қостанай (29,3%), Шығыс Қазақстан (27,1), Ақмола (26,3%), Павлодар (25,8%), Солтүстік Қазақстан (25,3) облыстарында   6-9 жастағы балаларда артық дене салмағының, оның ішінде семіздіктің таралуы бойынша (2020) жоғары пайыздық үлесті құраған. Ал COSI жүргізген елдер арасында 7-9 жастағы балалардың артық салмақ пен семіздіктің таралу көрсеткіші (2015-2017) Кипр, Испания, Италия, Греция, Мальта елдерінде жоғары.

Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен  ынтымақтастық байланыстар шеңберінде өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсарту және қозғалыс белсенділігін арттыру бағытында шешімдер мен шараларды бірлесіп атқаруға келісті.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.