8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.
Қызылорда қаласында Ұлттық мектеп лигасы аясында 5-6 сынып оқушылары арасында гандболдан республикалық жарыс өтуде.
Аталмыш жарыстан соң Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы шығарылып, нәтижесі Тамыз кеңесінде жарияланады.
Айта кетейік, 5-11 сынып оқушылары арасындағы Лига ойындары балалардың жазғы демалыстарын пайдалы өткізуге ықпал етуде. Жас спортшылар дайындықтарын тоқтатпай, жарыс жақындаған уақытта тіпті екі мезгіл дайындық жұмыстарын жүргізетінін айтады. Бұл - оқушылардың спортқа әрі салауатты өмір салтына, республикалық додаларда бақ сынауға деген ұмтылыстары мен қызығушылықтарының көрінісі.