СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Жапондық қонақтармен кездесу

Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Кәбірұлының арнайы шақыртуымен Орталықтың негізін қалаушы, еліміздің спорт саласының аңыз адамы Анатөлі Қожекенұлы жапондық қонақтармен кездесуге келді.

Йокогама университетінің профессоры, ғылым докторы Томонобу Сакурай мен Vigo Medical CO ltd компаниясының президенті Нобуаки Сузуки бейресми кездесу барысында Анатөлі Қожекенұлымен отандық спорт индустриясы жөнінде біршама сұқбаттасты.

Екі ел арасындағы өскелең ұрпақтың қозғалыс белсенділігін арттырып, дене тәрбиесі саласын дамыту мәселелері бойынша бұған дейін де орнаған ынтымақтастық байланыс одан әрі жалғасын табады. Онлайн форматта өткен жиындар мен келіссөздер нәтижесінде қазіргі таңда жапондық ғалымдардың тәжірибесіне негізделген семинар өткізу мүмкіндігі туды.

Айта кетейік, Tomonobu Sakurai санның арнайы семинары 28-29 маусымда елордада Қазақстан жеңілатлетикалық спорт кешенінде өткізіледі. 27 маусым сағат 14:30-да баспасөз мәслихаты өтеді. Семинарға алдын ала тіркелу арқылы ғана кіре аласыздар! Қатысушыларға сертификат беріледі.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.