СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Халықаралық мектеп оқушыларының гимназиадасы

Халықаралық мектеп оқушыларының  гимназиадасы - 16-18 жас аралығындағы оқушыларға арналған ірі халықаралық мультиспорттық іс-шара. Бұл ірі халықаралық спорттық жоба алғаш рет 1974 жылы ұйымдастырылған.   Бұған дейін Францияда төрт халықаралық гимназиада (Орлеан, 1976, Лилль, 1982, Ницца, 1986 және Кан, 2002) өткізілген.   2024 жылы Парижде  Олимпиада ойындарынан өтетінін ескерсек, оқушылар арасындағы бірегей халықаралық   спорттық іс-шараның маңыздылығы зор.

19-шы жазғы Гимназиада Францияда  (Нормандия) биыл 14-22 мамыр аралығында өтеді. 20 спорт түрінен сайыстар 9 қалада өткізіледі: Кан, Довиль, Экув, Гранвиль, Гавр, Монтивилье, Пон-Одемер, Руан, Валь-де-Рей. 70 елден 3500 оқушы бақ сынайды. Айта кетейік, Қазақстан бұл байқауға алғаш рет қатысады.

Қазақстан паралимпиадалық спорт түрлері мен брейк-данс / би спортынан басқа спорт түрлеріне қатысады. Қазақстандық делегацияны ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бастап барады. Делегацияны 294 адам құрайды, қатысушылар саны бойынша ел құрамасы Франция мен Бразилиядан кейінгі 3-орында. Гимназиада бағдарламасы садақ ату, көркем гимнастика, жеңіл атлетика, бадминтон, 3х3 баскетбол, жағажай  волейболы, бокс, би спорты / брейк-данс, семсерлесу, дзюдо, спорттық бағдарлау, ырғақты гимнастика, регби-7, жүзу, үстел теннисі, тхэквондо, күрес, паралимпиадалық: жеңіл атлетика, дзюдо, жүзу спортынан тұрады. Халықаралық жоба дүниежүзілік онлайн-платформаларда көрсетіледі.

Гимназиада өтетін Нормандия - Франциядағы ең танымал аумақтардың бірі,   бұл аймақ өзінің тарихымен, әртүрлі қалалардағы мәдени ескерткіштерімен, сонымен қатар спортқа деген айрықша көзқарасымен әйгілі.  Халқының төрттен бір бөлігі 20 жасқа толмаған жасөспірімдер, яғни бұл өңір жастарға бағытталған.  Әртүрлі спорт түрі бойынша 7880 спорт клубында 730 000-нан астам спортшылары бар Нормандия -   ұлттық және халықаралық спорттық іс-шаралар жиі өткізілетін өте белсенді спорт аймағы. Нормандияның ауылдық жерлері теңіз жағалауында орналасқан. 

Бүкіл әлемнің жас спортшыларының қатысуымен өтетін ең беделді халықаралық мультиспорттық іс-шарада қазақстандық оқушылар   еліміздің намысын қорғап, әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылар арасынан достар табуға, әлемді саяхаттауға мүмкіндік алады. Ел үмітін арқалаған жас спортшыларға сәттілік серік болсын.

13 мамыр күні Халықаралық Н.Назарбаев әуежайында Білім және ғылым министрінің қатысуымен спортшыларды шығарып салу рәсімі өтеді.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Баспасөз хатшысы Гүлжайна Мұхашева 8-776-611-01-11

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.