СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Үздік блогер

Құрметті ұстаздар, қымбатты жас достар!

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы  ұйымдастыратын  жобалар мен жарыстарды әлеуметтік желілерде ақпараттандыру бойынша «Үздік блогер» байқауының 1-тоқсандық (қаңтар-наурыз) жеңімпазы анықталды!

Ұстаздарымыз шәкірттерін баулып, салауатты өмір салтына үгіт-насихат жұмыстарына тәрбиелеп жүргені қуантады. Ақпараттық-технологиялық дәуірде оқушылар мен мұғалімдердің жаңашылдықтарға ашық, бәсекелестікке қабілетті болғаны маңызды.

Байқауымыздың алғашқы жеңімпазы - Орынбасаров Мұрат Алтынбекович, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің дене шынықтыру мұғалімі, «Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінде» дене шынықтыру және спорттық менеджмент мамандығын тәмамдаған. Спортқа баулып жүрген шәкірті - Улгасбаев Мирас Елтаевич, 10А сынып оқушысы, «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өтетін жарыстардың белсенді қатысушысы, талантты оқушы   ақындық пен  әншілік өнерге де бейім.

Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз!

БАЙҚАУ ӘРІ ҚАРАЙ ЖАЛҒАСАДЫ: сәуір-мамыр-шілде айларында өтетін біздің сайыстарды өзіңіздің әлеуметтік желіде жариялау керек. Конкурсқа қатысып, бағыңызды сынап көргіңіз келсе, әлеуметтік желідегі парақшаңыздың сілтемесін  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. почтасына аты-жөніңіз бен қала/аудан, мектеп туралы мәліметтерді жазып жіберіңіз. Біз мониторинг жүргізіп, ең үздік, ең белсенді, ең креативті  қатысушыны анықтаймыз.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.