СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Қазақстанның барлық өңірлерінде студенттік спорттық лига өткізілуде

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы, ҚРБҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Сағдат Кәбірұлы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін Басқарма төрағасы-ректор Саламат Нұрмұханұлының қатысуымен батыс дивизионы бойынша Студенттік спорттық лиганың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Мемлекетіміздің алдында тұрған үлкен міндет - салауатты өмір салтын қалыптастыру, әсіресе жас ұрпақты спортқа, азаматтық, адамгершілік, парасаттылық қағидаттарына үндеу - мемлекеттің басты саясатының бірі. Сондықтан білім мен ғылым ғана емес, спортта талантты азаматтар үлкен жетістіктерге жету керек, еліміздің айбынын асқақтату керек. Бұқаралық спортты дамыту мен жастардың дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысуына жағдай жасаудың маңыздылығы зор. Президент Қасым Жомарт Кемелұлының жастарымыз мақсатшыл, еңбекқор, бастамашыл  болу керек» деген үндеуі арқылы жастарға үлкен сенім артып отыр»,-деді Е.Әмірбекұлы.

Лиганың ашылу рәсімі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткізілді. Шараға Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медициналық университеті, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялықуниверситеті,  Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті қатысты.       

Студенттер лигасы қазақ күресі, тоғызқұмалақ, волейбол (ерлер), шағын футбол (ерлер, әйелдер), баскетбол, үстел теннисінен биыл тұңғыш рет ұйымдастырылуда. Ақтық сайыс (республикалық кезең) Нұр-Сұлтан, Түркістан, Алматы, Өскемен, Орал қалаларында өтеді деп жоспарлануда. Айта кетейік,   студенттері лигасы биыл тұңғыш рет ұйымдастырылуда.  

Жоғары оқу орындары орналасқан жерлері бойынша аймақтарға топтастырылып, шығыс, оңтүстік, солтүстік, батыс, орталық, оңтүстік-шығыс дивизионында өзара үздіктерін анықтауда. ЖОО студенттер лигасы бойынша өз тобында 1, 2 – орын алған командалар республикалық кезеңге жолдама алады.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.