СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Павлодар чемпион!

Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Павлодар қаласында 6-13 наурыз аралығында Оқушылар арасында республикалық шаңғы жарысы өткізілді. Жарысқа 7 команда 100-ге жуық мектеп оқушылары қатысты.  Жарыс үш жас (2004-2005, 2006-2007, 2008-2009) ерекшеліктері бойынша өтті.  

Шәкірттерін спортқа баулыған, салауатты өмір салтына ынталандырған ұстаздарымызға мың алғыс!   Сіздер болашақ чемпиондарды, салауатты да саналы жас жеткіншектер тәрбиелеп отырсыздар!

Жас спортшылар мұндай бәйгеде өнер көрсету арқылы шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинақтаумен қатар, таныстық аясын кеңейтіп, өздеріндей спортсүйер оқушылармен достасып үлгерді!

Бабы мен бағы қатар келген спортшылар жеңіс тұғырына шықты, сонымен жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте  ұлдар арасында 1 орын – Павлодар облысы; 2 орын – №1-2 БЖСМ «Железенко» командасы; 3 орын – Павлодар қаласы. Қыздар арасында 1 орын – Павлодар облысы; 2 орын – №1-2 БЖСМ «Железенко» командасы; 3 орын – Павлодар қаласының командасы иеленді.

Барлық қатысушыларды жарысты сәтті аяқтауымен құттықтаймыз!

Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

  • 1
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 2
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.