СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Республикалық семинар өтті

ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК ұйымдастыруымен 2022 жылдың 25 ақпанында «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» базасында «Мектеп оқушы-спортшыларды даярлаудағы оқу-жаттығу үдерісіндегі заманауи инновациялық технологиялар» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Семинар тыңдаушылары Алматы қаласында орналасқан Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің жаттықтырушы-оқытушылары болды.

Аталған семинарға педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.К. Құлназаров; Сәтбаев Университетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгеруші Т.С. Иматалиев, Э.К. Мұхамеджанов  медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ ҰҒДТО бас ғылыми қызметкері,  В. И. Цицурин биология ғылымдарының докторы, профессор, И. Ф. Андрушишин  педагогика ғылымдарының докторы, ҚазСТА профессоры, Б.А. Есжанов ҚР БҒМ ҰҒПДТО жетекші қызметкері өз баяндамаларын оқыды.

ОРРММИК ойын залында баскетбол бойынша жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, жазушы және зерттеуші Kevin White (Зальцбург университеті, Австрия) шеберлік сабағын өткізді.

Сонымен қатар, Йокогам университетінің (Жапония) профессоры Tomobu Sakurau-мен ZOOM платформасында «Жапон спорт ғылымы туралы соңғы ақпарат - жоғары концентрацияланған оттегі денсаулық пен спортты өзгертеді» тақырыбында онлайн-кездесу өткізілді.

Семинарға 90-нан астам адам қатысып, соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
  • 094
  • 095
  • 096
  • 097
  • 098
  • 099
  • 0991
  • 0992
  • 0993
  • 0994
  • 0995
  • 0996
  • 0997
  • 0998
  • 0999
  • 09991
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.