СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Қызылорда: спартакиада жүлдегерлері марапатталды

Ағымдағы жылдың 2-6 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен ІІ мұғалімдер спартакиадасы өткізілген болатын.

Аталмыш спорт додасына еліміздің барлық аймағынан 17 команда қатысып, байрақты бәсекеде Қызылорда облысы ұстаздарынан құралған команда жүлделі ІІІ орынды иеленді. Аймақ ұстаздарынан құралған команда республикалық мұғалімдер спартакиадасында 2-ші мәрте үздіктер қатарынан көрінуде.

Бүгін   Сыр ұстаздарынан құралған команда мүшелерін облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалиева құттықтап, арнайы алғыс хатпен, “Таң-Нұры” шипажайына жолдамалар табыстады.

Айта кетейік спартакиадада ұстаздар футзал, волейбол (әйелдер) және үстел теннисінен сайысқа түскен болатын.

  • 01
  • 02
  • 03
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.